Жаңа жылдық дастарханды дәстүрге айналған оливье, мандарин немесе шампансыз елестету мүмкін емес. Әрине кез келген дастарханның көркін кіргізетін бауырсақ пен басты тағам етті де ұмытпаймыз. Kursiv.Media биыл дәстүрлі жаңа жылдық дастарханға қанша қаржы кететінін есептеп шықты.
Ет. Дастархандағы молшылық жаңа жылды жақсы қарсы алудың бір факторы есептелетіндіктен қазақстандықтар азық-түлікке кететін қаржыны аямай жұмсайды. Әдеттегі тізім бойынша сауда орындарына барамыз. Басты тағаммен, тіске басарлар дайындау үшін еттің үш түрін аламыз. Сиырдың төс етінің 1 килограммы 2 500 теңге, форель балық 1 кг 5 000 теңге, тауық еті 1 кг 1 500 теңге. Етке қамыр, дастарханға бауырсақ керек. 5 кг ұн 1 600 теңге болса, 1 литр күнбағыс майының бағасы 600 теңгеден басталады.
Салат. Жаңа жылдық дастарханның негізгі белгісі салаттар. 1 кг қазақстандық картоп 140 теңгеден сатылса, 1 кг қазақстандық жуа 90 теңге, 1 кг қазақстандық сәбіз 190 теңге, 1 кг қызылша 180теңге, майлылығы 15% 800 г майонез 800 теңге, сарвелат шұжықтың 500 г 1100 теңге, 10 дана жұмыртқа 685 теңге, 425 г жасыл бұршақ 280 теңгеден басталады.
Сусын. Тілек айтып, тост көтеру үшін шампан ататын болсаңыз, ең арзан шампанның бағасы 750 мл үшін 1 000 теңге, Coca Colа 1 литрі 379 теңге, 1 литр апельсин шырыны 335 теңге. Ал сүтпен шәй ішетін болсаңыз, майлылығы 3,2% 1 литр сүт 400 теңге, 250 г қара шәй 1200 теңге, 1 кг құмшекер 475 теңге болады.
Жеміс-жидек. Дастарханыңызға жеміс-жидек қойғыңыз келсе, 1 кг қазақстандық мандарин 900 теңге, 1 кг қазақстандық алма 600 теңге, 1 кг Эквадордан келген банан 900 теңге, 1 кг Коста-Рикадан келген ананас 830 теңгеден жоғары бағада тұр.
Қорыта келгенде, сіз барлық тауар түрлерін 1 кг немесе 1 литр көлемінен көп алмайтын болсаңыз, жаңа жылдық дастарханыңызға кем дегенде 20 мың теңгеге шығындаласыз.
2023 жылдың алғашқы алты айында ӘМАТ бағасының индексі 4,2% құраған. Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңінен 4 есе аз. Өткен жылы бұл көрсеткіш 17,2% болған.
2023 жылдың қараша айында елде жылдық инфляция баяулап, 10,3% құрады. Аймақтар бойынша инфляция 17 өңірде бәсеңдеді. Бұл ретте, қараша айында елдегі айлық инфляция 1% болды. Қарашада азық-түлік тауарларының бағасы 9,2% дейін ж/ж (қазанда – 10,4%) баяулады. Осы топ тауарларының бағасы Ұлытау облысында (12,4%) тез, ал Шымкент қаласында (6,8%) баяу өсті.