Жаңалықтар

БЖЗҚ 1 желтоқсандағы негізгі көрсеткіштерді ұсынды

Фото:БЖЗҚ

Салымшылардың шоттарындағы зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы –17 224, 92 млрд теңгені құрады. Бұл туралы БЖЗҚ баспасөз қызметі хабарлады.

«Оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) – 16 670 млрд теңге, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) – 549,58 млрд теңге, ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) – 4,92 млрд теңге»-делінген хабарламада.

Жеке зейнетақы шоттарының саны – 12 269 мың бірлік. Оның ішінде есепке алу бойынша:

«Міндетті зейнетақы жарналары – 11 023 мың бірлік, Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары – 630,07 мың бірлік, Ерікті зейнетақы жарналары – 387,7 мың бірлік»-делінген БЖЗҚ баспасөз қызметінде.

Жыл басынан бергі зейнетақы төлемдері – 531,4 млрд теңгені құрады. Оның ішінде:

● жасына байланысты – 136,5 млрд теңге,
● мүгедектік бойынша – 2,5 млрд теңге,
● ҚР аумағынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға кетуге байланысты – 37,2 млрд теңге,
● мұрагерлік бойынша – 48,3 млрд теңге,
● жерлеуге – 6,8 млрд теңге,
● сақтандыру ұйымдарына аударымдар – 41,4 млрд теңге,
● тұрғын үй жағдайын жақсартуға/емделуге – 243,8 млрд теңге.