«Каспий құбыр консорциумы-Қазақстан» акционерлеріне аралық дивиденд ретінде $93,5 млн төледі

Жарияланды
Шығарушы редактор
Каспий құбыр консорциумы
Каспий құбыр консорциумы қанша дивиденд төледі. Фото: Shutterstock

Каспий құбыр консорциумының заңды тұлғалары – «КТК-Р» АҚ және «КТК-К» АҚ – акционерлердің қараша мен желтоқсан айларында қабылдаған шешімі негізінде аралық дивиденд төледі.

«КҚК-Ресей» 2 миллиард рубль мөлшерінда салық ұсталған соң, 26,05 миллиард рубль сомасында төлем жасады. «КҚК-Қазақстан» АҚ $93,5 млн сомасында төлем жасады. Сонымен бірге компания Қазақстанның салық органдары алдындағы 3,9 млрд теңгеге тең салық міндеттемелерін жапты», – делінген консорциум хабарламасында.

Компания 2021 жылы Теңіз-Новороссийск құбыр жүйесін құру және мұнай өткізу қабілетін кеңейту жобасын қаржыландырған акционерлерә алдындағы қарызы толық өтегеннен кейін, дивиденд төлеуді бастады. КҚК қаржылық саясаты компанияның акциялары бойынша дивидендті тоқсан сайын есептеуді қарастырады. Оның сомасы күрделі және операциялық шығындарды, сондай-ақ жаңа ірі жобалардың бар-жоғын ескере отырып, консорциум пайдасынан қалыптасады.

2022 жылы «КТК-Р» төлеген жалпы дивиденд сомасы 66,09 миллиард рубльді құрады.

2023 жылдың шілдесінде консорциум алғаш рет Қазақстан Республикасындағы «КҚК-К» АҚ акционерлеріне 2022 жылдың қорытындысы бойынша 174 миллион АҚШ доллары көлемінде дивиденд төледі.

КҚК құбыры Батыс Қазақстанның мұнай кен орындары мен Каспий қайраңындағы ресейлік кен орындарын Новороссийсктегі теңіз терминалымен байланыстырады. Оның ұзындығы – 1511 км. Каспий құбыр консорциумы – қазақстандық мұнайдың негізгі экспорттық бағыты, бұл құбыр арқылы елде өндірілген «қара алатынның» 80%-дан астамы тасымалданады.

2024 жылға қарай КҚК-ның өткізу мүмкіндігін жылына 80 млн тоннаға жеткізу жоспарланып отыр.

КҚК акционерлері: Ресей Федерациясы (Транснефть (MOEX: TRNF) бақылайтын 24%, баланста 7%) – 31%, Қазақстан (Қазмұнайгаз – 19% және Kazakhstan Pipeline Ventures LLC – 1,75%) – 20,75%, Chevron Caspian Pipeline Consortium Company – 15%, LUKOIL International GmbH – 12,5%, Mobil Caspian Pipeline Company – 7,5%, Rosneft-Shell Caspian Ventures Limited – 7,5%, BG Overseas Holding Limited – 2%, E.A.ni. Н.В. – 2% және Oryx Caspian Pipeline LLC – 1,75%.  

Сондай-ақ оқыңыз