Азаматтық авиация комитеті «Qazaq Air» компаниясына кешенді тексеру жүргізеді

Жарияланды
qazaq air

Фото: kursiv.media

Азаматтық авиация комитеті «Qazaq Air» әуе компаниясы тексеріледі. Бұл жайлы комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.

2023 жылғы 27 желтоқсандағы «Qazaq Air» әуе компаниясының рейстерді уақтылы орындау және көрсетілетін қызметтердің сапасына қатысты жолаушылар тарапынан өтініштердің артуына байланысты «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ авиациялық инспекторлары 2023 жылғы 27 желтоқсанда сағат 11-00-де Астана-Талдықорған бағытындағы IQ -429 рейсіне бойынша ұшатын «Bombardier-Q400» әуе кемесіне жоспардан тыс жедел перрондық тексеру жүргізген. Бұл рейс ауа-райына байланысты сағат 14-30-ға дейін кешіктіріліп, кейін әуе кемесіндегі техникалық ақауға байланысты тоқтатылған.

Рейстің тоқтатылуына байланысты барлық жолаушыларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес әуе билеттерінің құнын толық қайтаруды немесе алдағы күндерге қайта брондауды рәсімдеу ұсынылған.

«Тексеру барысында авиациялық инспекторлармен рульдеу кезінде әуе винтінің жылыту жүйесінің ақауы анықталды. Анықталған ақаулар жойылғаннан кейін әуе кемесі ұшуға жіберілді. Осыған байланысты, әуе кемесі 2023 жылғы 27 желтоқсанда сағат 19-52-де Астана-Петропавл бағыты бойынша IQ – 437 рейсін орындады. Сонымен қатар, жақын арада әуе компанияның ұшу қауіпсіздігін, авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ ұшулардың жүйелілігін бақылау тұрғысынан әуе компанияға кешенді тексеру жүргізу жоспарлануда»,- делінген комитет хабарламасында.

Еске сала кетсек, кеші 27 желтоқсан күні Qazaq Air қолайсыз метеожағдайға байланысты Астанадан Талдықорғанға рейстер тоқтатылғанын хабарлады. Компанияның мәліметінше, қолайсыз метеожағдайларға байланысты IQ429 Астана-Талдықорған және IQ430 Талдықорған-Астана рейстері кешіктірілген. Техникалық себептерге байланысты компания бұл рейстерді тоқтату туралы шешім қабылдаған.

«Qazaq Air» әуе компаниясы 15 мамырдан бастап Астанадан Үржарға әуе рейстері іске қосылғанын хабарлаған. Рейстер кесте бойынша жұма мен жексенбіден басқа аптасына 5 рет жиілікте орындалады.

Астана-Үржар-Астана бағыты бойынша рейстер жаңа генерацияланған de-Havilland Dash 8-Q400 канадалық әуе кемесінде орындалатын болады.

Субсидияланатын әлеуметтік маңызы бар авиарейстердің құны бір бағытта 16 000 теңгені құрайды.

14 жасқа дейінгі балаларға 50% жеңілдік беріледі. Қол жүгін тасымалдау нормасы – 5 кг, багаж – 20 кг. Ұшу күнін өзгертуге және билеттерді қайтаруға рұқсат етіледі. 

Сондай-ақ оқыңыз