Алматыдан Астанаға ұшып барған SCAT ұшағы әуежайға қона алмай кері қайтты

Жарияланды
Фото:shutterstocks

Ауа райының қолайсыздығынан Алматыдан Астанаға ұшып барған SCAT ұшағы әуежайға қона алмай кері қайтты. Бұл туралы Scat Авиакомпаниясының қоғаммен байланыс және маркетинг бөлімінің басшысы Виктория Старожилова мәлімдеді.

Ұшақ Астанадағы қолайсыз ауа-райының кесірінен әуежайға қона алмаған. Қатты боран мен тұманның салдарынан ештеңе көрінбей, Scat ұшағы қайта Алматыға қайтқан.

Енді ауа-райының өзгеруін күтіп отырған компания басшылығы егер боран басылып, тұман сейілсе, ұшақ түнде қайта әуеге көтерілетіндігін айтты.

Сондай-ақ оқыңыз