Жаңа жылдық демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Жарияланды
Фото: shutterstock

«Қазгидромет» Қазақстандағы жаңа жылдық демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктердің болжауынша, елдің басым бөлігінде күн жылымық болып, солтүстікте жел күшейіп, бұрқасын соғады.

«Өтіп бара жатқан жылдың соңғы күндерінде елдің басым бөлігінде күн жылымық болады. Атлантикалық аймақтардан соғатын кезекті циклон дымқыл қар мен жаңбыр әкеледі. Еріген жер қатып, көктайғақ болуы мүмкін. Сондай-ақ күн боран болып, жел күшейеді»,– делінген хабарламада.

Ауа температурасы солтүстік өңірлерде -5-15 градус аяз болып, оңтүстікте +7 градус жылы болады. Ауа райы батыста –3 градустан +2 градусқа дейін, шығыста – 0 градустан –10 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста +2 градустан –10 градусқа дейін құбылады.

Таулы аймақтарда түнде -17-12, күндіз -5 градустан 0 градусқа дейін аяз болады.

Айта кетейік, бүгін, 29 желтоқсанда Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті елорда тұрғындарын ауа райының қолайсыздығына байланысты елді мекеннен тыс жерлерге шықпауға шақырды. Синоптиктердің болжауынша, қалада бұрқасын, көктайғақ болып, екпіні 23-28 м/с болатын жел күшейеді.

Сондай-ақ оқыңыз