Ішкі істер министрлігі 2023 жылы қылмыс деңгейі 12% азайғанын мәлімдеді

Жарияланды
Күндізгі жаңалықтар редакторы
kursiv.media

Үкіметте өткен жылды қорытындылау барысында қоғамдық тәртіпті және азаматтық қорғауды қамтамасыз ету саласындағы қорытындылар туралы мәлімдеді.

Үкімет басшысының баспасөз қызметінің хабарлауынша, елдегі жалпы қылмыс деңгейі 12%-ға төмендеген. Оның ішінде: мал ұрлығы дерегі 14%-ға азайған.

Қарақшылық 28%-ға, тонау 13%-ға, көшедегі құқық бұзушылықтар 8%-ға төмендеген.

Республикада 8,2 млн жол жүрісі қағидасын бұзудың жолы кесілген.

20,5 мың «мас» жүргізуші ұсталып, 22 мың адам жүргізуші куәлігінен айырылған.

«Елімізде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін 1,2 млн-нан астам бейнекамера орнатылған. Олардың көмегімен полицейлер 9,2 мың қылмыстың бетін ашып, 513 мың әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті», – деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар биыл тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес механизмдері күшейтіліп, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің кешенді жоспары қабылданған

Сондай-ақ оқыңыз