2024 жылы қанша күн демалыс бар

Жарияланды (жаңартылды )
2024 жылы қанша күн демалыс бар / коллаж kursiv.media

2024 жыл 366 күнге толып, 249 жұмыс күні мен 117 демалыс күні болады. Ең көп демалыс наурызда, ең аз демалыс сәуір айында.

Бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар үшін Қаңтар айының 1-2 жұлдызы демалыс. Ал Рождество мерекесі 7 қаңтар жексенбіге түсіп, діни мереке жұмыс күніне ауыспайтындықтан, артық демалыс болмайды. Жалпы 21 жұмыс күні, 10 демалыс күні бар.

Ақпанда 29 күн болып, 8 күн демалыс, бірақ 21 жұмыс күні болады.

Ең көп демалыс наурызда. Бес күн жұмыс істейтіндер 17 күн жұмыс істеп, 14 күн демалады. 8 наурызға орай қатарынан 3 демалыс күн және Наурыз мерекесіне орай 5 демалыс күн болады.

Ең аз демалыс сәуір айында, 22 жұмыс күн, 8 демалыс күн болады.

Мамырда 20 жұмыс күнімен, 11 демалыс күні бар. 1 мамыр, 7 мамыр, 9 мамыр да аптаның ортасына түсетіндіктен қатар демалыс күндері болмайды.

Шамамен 16 маусымда қазақстандықтар Құрбан айтты тойлайды. Алайда діни мереке жексенбіге тап келгендіктен, жұмыс күніне ауыспайды. 20 жұмыс күні, 10 демалыс күні бар.

Шілдеде Астана күні демалыс күніне сәйкес келуіне орай 3 демалыс болады. 22 жұмыс күні, 9 демалыс күні бар.

Тамызда 20 жұмыс күні, 10 демалыс күні бар. Конституция күніне орай 3 демалыс күні болады. 

Қыркүйекте мереке болмағандықтан, күнтізбелік 22 жұмыс күні, 9 демалыс күні бар.

Ал қазан айында Республика күніне орай 3 күн демалыс. 22 жұмыс күні, 9 демалыс күні бар.

Қарашада 9 демалыс күнімен 21 жұмыс күні бар.

Жыл аяғы желтоқсанда Тәуелсіздік күніне орай 3 күн демалыс болады. Жалпы 21 жұмыс күні, 11 демалыс күні бар.

Айта кетейік, 2024 жылы Рамазан айы қашан басталып, Қадыр түні, Ораза айт пен Құрбан айт мерекелері қай күнге түсетінін жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз