Қазақстандықтар қай елдерге визасыз бара алады

Жарияланды (жаңартылды )
Қазақстандықтар қай елдерге визасыз бара алады / gov.kz және freepik

Қазақстан азаматтарына визасыз баруға болатын елдер тізімі жыл сайын артып келеді. 2024 жылы қай елдерге визасыз баруға болатынын тізіп шықтық.

Шенген аймағынан тыс Еуропа елдері мен Азияның бірқатар елдеріне есік ашылды. Үш айға дейін визасыз жүруге болатын елдер саны артты.

2024 жылы визасыз баруға болатын елдер:

  • 90 күнге: Албания, Армения, Әзірбайжан, Грузия, Гаити, Македония, Моңғолия, Молдова, Ресей, Украина, Коста-Рика, Колумбия, және Тунис.
  • 30 күнге: Аргентина, Антигуа және Барбуда, Бразилия, Вьетнам, Куба, Мальдив аралдары, Сент-Винсент және Гренадина, Түркия, Сейшел аралдары, Сербия, Оңтүстік Кория, Тәжікстан, Өзбекстан, Эквадор, Индонезия, Малайзия, БАӘ, Черногория, Филиппин аралдары.
  • 28 күнге: Барбадос.
  • 14 күнге: Хайнань аралдары, Гонконг.
  • 5 күнге: Маңғыстау және Атырау облыстарында тіркелген азаматтар үшін Түркіменстанның Балқан велаятына.
  • Шектеусіз мерзімге: Беларусь, Қырғызстан, Намибия.

2024 жылы саяхатқа шығуды жоспарласаңыз, тізімдегі елдердегі саяси жағдайды анықтап алғаныңыз абзал. Украина, Ресей, Беларусь аумағы мен Таяу Шығыс елдеріне ұзақ мерзімге жоспар құрмаңыз. Егер Қырым немесе Абхазия, Оңтүстік Осетияға барып жатсаңыз, Украина мен Грузияға кіргенде қиындық болуы мүмкін.

Бірқатар елдерге шетелге шығатын паспорт жасамай-ақ, ішкі жеке куәлікпен баруға болады: Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Грузия, Армения, Әзірбайжан.

Визасы арзан, құжат жасату жеңіл елдер:

  • 90 күнге: Мозамбик (20$), Бангладеш (50$), Боливия (100$), Гвинея (60$), Гренада, Замбия (50$), Кения (50$), Камбоджа (20$), Ливан, Мадагаскар (65$), Сенегал, Уганда (50$).
  • 60 күнге: Маврикий (20$).
  • 30 күнге: Бурунди, Шығыс Тимор (30$), Доминикан (10$), Джибути (30$), Мысыр, Кабо-Верде, Иордания (15$), Лаос (30$), Макао, Мозамбик (25$), Никарагуа (60$), Палау, Сомали, Тувалу, Ямайка (20$).
  • 15 күнге: Вьетнам (60$), Непал (25$), Таиланд.
  • 7 күнге: Того (70$).

2024 жылы қазақстандықтар сапар кезінде транзиттік ел ретінде қона алатын аймақтар: Черногория, Румыния, Мексика, Гондурас, Босния және Герцеговина, ПанамаБелиз, Сальвадор, Гватемала, Қытай, Сингапур.

Сондай-ақ оқыңыз