Рамазан айы мен Құрбан айт: 2024 жылдың діни мерекелері

Жарияланды (жаңартылды )
Рамазан айымен Құрбан айт: 2024 жылдың діни мерекелері / muftyat.kz және freepik

ҚМДБ 2024 жылы Рамазан айы қашан басталып, Қадыр түні, Ораза айт пен Құрбан айт мерекелері қай күнге түсетінін бекітті.

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы Шариғат және пәтуа бөлімінің мәліметіне сүйенсек, күнтізбе бойынша Рамазан айы 11 наурызда басталады. Ал қасиетті Қадір түні сәуірдің 5-нен 6-на қараған түнге келеді.

Рамазан айы аяқталып, отыз күн оразадан кейінгі мереке Ораза айт 10 сәуірде басталады.

Арапа күні 16 маусымға түссе, қасиетті Құрбан айт мерекесі 17 маусым күні басталады.

Ал Мұхамед Пайғамбар туған күні саналатын Мәуліт мерекесі 14/15 қыркүйекке келеді.

Айта кетейік, ҚМДБ діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты ауысуы мүмкін екенін ескертті. Діни басқарма хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалғанын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыз