150 мың адам қол қойып үлгерген зорлық-зомбылыққа қарсы петиция заңды-заңсыз болғанына қарамастан ескеріледі. Бұл туралы Егемен Қазақстан газетіне берген сұхбатында президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
Ол тұрмыстық зорлық-зомбылық қатысты жазаны қатайтуды толық қолдайтынын айтты. Тоқаев «заң мен тәртіп» қағидатының орныға түскенін қалайтынын ескере кетті.
«Нақты жауап берейін, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жазаны қатайтуды толық қолдаймын», – деді президент.
Ал қарашада бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қауындық Бишімбаев әйелін өлтірді деген күдікке ілінгеннен кейін жария болған «Зорлық-зорлыққа қарсы» петиция міндетті түрде ескерілетінін атап өтті.
«Петиция заң талабына сай келсе де, келмесе де, азаматтардың пікірі міндетті түрде ескеріледі. Оған күмән болмасын»,– деді Тоқаев.
Бұдан бөлек, президент қоғамда озбырлық пен зорлық-зомбылықтың кез келген түріне мүлдем төзбейтін түсінік қалыптаспаса, заңға енгізілген өзгерістерден аса қайыр болмайтынын атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, 11 қарашада кешке қарай бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Ішкі істер министрлігі оның ұсталғанын растады.
2018 жылы сотталған Қуандық Бишімбаев қандай жағдайда босап шыққаны туралы жазған едік.
Осы оқиғадан кейін қоғамда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты талқылау күшейген.