Қазақстан банктері 1 айда 798 млрд теңге пайда тапқан

Жарияланды
Қазақстан банктері 1 айда 798 млрд теңге пайда тапқан / Shutterstock

Қараша айында Қазақстан банк секторының активтері 1,7%-ға немесе 798,5 млрд теңгеге ұлғайды.

Қазіргі екінші деңгейлі банктер активтері 49,2 трлн теңгені құрады. Ал 2023 жылдың басынан бері 10,3%-ға немесе 4,6 трлн теңгеге өсті. Өтімділігі жоғары активтер 14,7 трлн теңгені немесе активтердің 29,9% құрады.

Ал желтоқсанда Ұлттық банк жариялаған статистикада еліміздің екінші деңгейлі банктері 2023 жылдың 11 айында 2 трлн теңге таза пайда тапқаны белгілі болған. Қараша айында тапқан пайдасы 230 млрд теңгені құраған. Осы 2 трлн теңге табыстың жартысына жуығы Halyk пен Kaspi Bank-ке тиесілі екені көрсетілген.

«Қарашада банктердің меншікті капиталы 3,7%-ға 6,7 трлн теңгеге дейін ұлғайған. 2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к1) 19,6%, меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к2) – 22,0% құрады», – деп хабарлайды ҚНРДА.

Негізі активтер несие өтімділігі есебінен артқан. Экономикаға берген кредиттер бір айда 26,9 трлн теңгеге дейін өскен. Теңгеде берілген несие 25,1 трлн теңгеге өсіп, шетел валютасындағы кредиттер 1,8 трлн теңгеге дейін өсті.

Заңды тұлғаларға берілген кредиттер қарашада 9 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Бизнес субъектілеріне берілген жиынтық кредиттер 10,5 трлн теңгеге дейін өсті. ШОБ субъектілеріне берілген қарыздар 7 трлн теңгеге дейін өсіп, ірі бизнеске берілген қарыздар 3,6 трлн теңгеге дейін азайған.

Жеке тұлғаларға берілген кредиттер 10,1 трлн теңгеге дейін өсіп, жалпы 2023 жылдың 11 айындағы өсім 17,8 трлн теңгені құрады.Қазақстанда банк секторында 21 екінші деңгейдегі банк бар, оның 11-і шетелдің қатысуымен, оның ішінде 8-і еншілес банктер.

Сондай-ақ оқыңыз