Жаңалықтар

«ҚазМұнайГаз» 2023 жылы жаңа үш кен орнын өнеркәсіптік пайдалануға берді

ҚазМұнайГаз
Фото:kursiv.media

«ҚазМұнайГаз» 2023 жылы жаңа кеніштерде газ өндіре бастады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Компания 2023 жылы үш кен орнын өнеркәсіптік пайдалануға берді:

Оңтүстік Ақсай (игеруге болатын газ қоры — 1,7 млрд текше метр, жылына 100 млн текше метр газ өндіріледі),

Шығыс Өріктау (игеруге болатын қоры — 4 млн тонна, еріген газ қоры — 2,2 млрд текше метр, газдың айлық өндіру көлемі — шамамен 9 млн текше метр),

Рожков кен орны (игеруге болатын газ қоры — 26,9 млрд текше метр, конденсат — 12,5 мың тонна, газ өндіру бойынша жоспарланған жылдық көлемі — 1 млрд текше метр).

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ Қазақстанның тігінен интеграцияланған жетекші мұнай-газ компаниясы болып табылады. ҚМГ көмірсутегілерді барлау мен өндіруден бастап, тасымалдау, өңдеу және мамандандырылған қызметтерді көрсетуге дейін барлық өндірістік цикл бойынша активтерді басқарады.  Компания 2002 жылы құрылды, еліміздің мұнай-газ саласында Қазақстанның мүдделерін білдіреді.