«Қазақстан тұрғын үй компаниясы» 30 жылға 0,1 пайызбен 1,2 млрд облигациясын шығармақ

Жарияланды
Шығарушы редактор
Қазақстан тұрғын үй компаниясы
Қазақстан түрғын үй компаниясы қанша облигация шығарады? Shutterstock

«Қазақстан тұрғын үй компаниясы» 30 жылға 0,1 пайызбен 1,2 млрд облигациясын шығармақ. Компанияның купондық облигацияларының арнайы сауда-саттығы 2024 жылдың 5 қаңтарында өтеді. Бұл туралы KASE сайтында жазылған.

Алдын ала тіркелген шығарылым көлемі – 3 млрд теңге. Шығарылатын 1,2 млрд купондық облигациялардың номиналды құны – 1 теңге.

Купондық облигациялардың айналым мерзімі – 30 жыл, купондық ставкасы – жылдық 0,1 %. Купон бойынша төлем жылына 4 рет жасалады делінгенімен, нақты мерзімі жазылмаған.

Жарияланған орналастыру көлемі 1 153 661 973 теңгені құрайды. Сауда-саттық бастамашысы – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ еншілес ұйымы – Halyk Finance.

Есеп айырысуды «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ өзінің ережелеріне сәйкес жүргізеді. Бағалы қағаздарды сатып алушы кестеде көрсетілген төлем мерзімінде «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ шотында қамтамасыз етуге міндетті. Сауда-саттыққа қатысуға өтінімдерді тек KASE қор нарығының мүшелері бере алады. Басқа инвесторлар осы ұйымдар арқылы өтініш бере алады.

«Қазақстан тұрғын үй компаниясы» негізгі акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі. Холдингтің еншілес ұйымдарының ішінде холдингке төленген дивиденд көлемінің өсімі бойынша «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ көш бастап тұр. Дивиденд көлемі бір жылда 8,6 есе өсіп, 2022 жылы 31,3 млрд теңгеге жеткен (бір жыл бұрын 3,6 млрд теңге болған). 

Сондай-ақ оқыңыз