коллаж kursiv.media
KEGOC акциялары 4.75% үлеспен Aix Qazaq индексіне енеді. Индекс комитеті компанияны 2024 жылдың I тоқсанынан индекстің QI бөлігіне қосуға келісті. Бұл туралы хабарлама биржа сайтында орналастырылған.
2024 жылдың 3 қаңтарында AIX Qazaq индекс комитеті тоқсан сайынғы кезекті шолуға жиналған.
«Шолу нәтижесінде комитет AIX Qazaq индексінің QI құрамдас бөлігінің I тоқсанына «KEGOC»компаниясын қосуға келісті», – делінген AIX сайтында.
Сонымен қатар, 2023 жылдың 29 желтоқсанындағы жағдайға сәйкес құрамдас бөліктердің үлесінде:
- Halyk Bank – 15.00%,
- ҚазАтомөнеркәсіп – 15.00%,
- Kaspi – 15.00%,
- Polymetal – 15.00%,
- KazMunayGas – 15.00%,
- Қазақтелеком – 5.55%,
- Kcell – 5.43%,
- KEGOC – 4.75%,
- KazTransOil – 3.85%,
- Bank CenterCredit – 2.83%,
- Central Asia Metals – 2.58% құраған.
2023 жылдың 9 айында AIX биржасындағы сауда-саттық көлемі 83% өскен болатын.
2023 жылдың 9 айында АІХ биржасындағы сауда-саттық көлемі рекордтық $220 миллионға жеткен. 2022 жылдың сәйкес кезеңіндегі $120 миллионмен салыстырғанда өсім 83% пайызды құрайды. Жалпы былтыр сауда-саттық $172 миллион болған.
Қазіргі кезде AIX ресми тізіміне 94 эмитенттің 151 бағалы қағаздары кіреді. Биржа ашылған күннен бастап тартылған капитал көлемі шамамен $4 млрд құрайды. Биржада 32 сауда мүшесі, соның ішінде Қазақстан, Қытай және Еуропа елдерінен келген брокерлер бар. Сонымен қатар, AIX Орталық депозитарийінде (AIX CSD) 1 миллионнан астам шот ашылған.