ТОП-10 есім: 2023 жылы дүниеге келген балаларға Әлихан, Медина деген есім жиі қойылды 

Жарияланды
2023 жылы қандай есім жиі қойылды?/Фото: kursiv.media

Өткен жылы дүниеге келген ұлдар мен қыздарға қойылған ТОП-10 есімнің тізімі жарияланды.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылы ер балалардың арасында Әлихан деген есім танымал болса, қыз балалардың арасында Медина деген есім трендтен түспеді. Дүниеге келген 2 848 ұлға – Әлихан, 5 307 қызға – Медина деген есім берілді.

Нәрестелерге Омар, Айша деген есім де жиі қойылды. Осылайша 2 362 ер бала – Омар, 4 390 қыз бала Айша атанды.

2 268 ұлға – Айсұлтан, 4 139 қызға – Асылым деп азан шақырылды. 2 162 ұлдың туу туралы куәлігіне – Әмір,  4 063 қыздың құжатына – Айлин деп жазылды.

2035 сәбидің ата-әжесі мен ата-анасы – Алдияр, 3 019 сәбидің туған-туыстары –  Раяна деген есімді таңдады.

1928 ұл – Мұхаммед, 2 877 қыз – Томирис деген есімге лайық деп танылды.

1900 ер балаға – Алан, 2719 қыз балаға – Сафия деген есім қойылды.

Али атанған сәбилердің саны – 1768, Әмина атанған нәрестелердің саны – 2 471 адамды құрады.

1549 атұстарға – Нұрислам, 2312 кестетігерге – Айым деген есім берілді.

1468 ұл – Хамза, 2 279 қыз – Аяла деген есімге ие болды.   

Сонымен 2023 жылы ұлдар арасында танымал болған 10 есім: Әлихан, Омар, Әмір, Алдияр, Айсұлтан, Алан, Әли, Нұрислам, Мұхаммад, Хамза.

Қыздарға жиі қойылған ТОП-10 есім: Медина, Айша, Айлин, Асылым, Сафия, Томирис, Раяна, Әмина, Аяла, Айым.

Атап көрсетерлігі, 2022 жылмен салыстырғанда қыздарға көп қойылған танымал 10 есімнің тізімі өзгерген жоқ. Осы орайда Айша, Әмина деген есімдердің соңғы 10 жылда ТОП-10 есім тізімінен түспей келе жатқанын айта кету керек.

Ұлдар арасында Әлихан, Әмір, Нұрислам есімдері танымалдығын жоғалтқан жоқ. Тек Хамза Рамазанды ығыстырып, ұлдарға жиі қойылатын есімдердің ондығына енді.

Сондай-ақ оқыңыз