Тимур Құлыбаевтың компаниясы мұнай өндіру жоспарлары туралы мәлімдеді

Жарияланды
Фото:shutterstock

 Тимур Құлыбаевқа тиесілі «Кристалл Менеджмент» АҚ компаниясы Қызылорда облысының Жалағаш ауданындағы Сұлутабан мұнай-газ кен орнын игеру жоспарлары туралы мәлімдеді.

Мәлімдемеге сәйкес, кен орнын игеруді 2024-2063 жылдары жүргізу жоспарланып отыр. Бұрғылау кестесі бойынша ұңғымаларды бұрғылау 2028 жылға дейін жүзеге асыру жоспарлануда.

«Сұлутабан кен орны бойынша мұнай мен еріген газдың бекітілген геологиялық және қалпына келтірілетін қорлары: С1 – 3,4 млн тонна, оның ішінде 1,2 млн тонна алынатын, С2 – 3,4 млн тонна; газ бойынша: С1 – 1,5 млн текше метр, оның ішінде 0,5 млн текше метр алынатын, С2 – 1,5 млн текше метр»-делінген хабарламада.

Компанияның мәліметінше, кен орнын игерудің үш нұсқасы бар. Ұсынылып отырған үш нұсқа бойынша 75 мың тоннадан аспайтын мұнай мен 35 мың текше метр газ өндірудің жыл сайынғы максималды көлемін болжайды. 2028 жылы өндірісті барынша арттыру күтілуде. Ол үшін 12 ұңғыма бұрғылау қажет.

Айта кетейік, мұнай -газ кен орнын игеру үшін тереңдігі 500 метрге дейін және учаскенің жалпы ауданы 122,61 шаршы шақырымды құрайды.

Кен орнындағы мұнайды жинау және тасымалдау үшін бір құбырлы тығыздалған қысым жүйесі бойынша жұмыс істейтін болады. Бұл кен орнында мұнай жинау және тасымалдау кезінде мұнай мен газдың шығынын минимумға дейін азайтуға мүмкіндік береді. Өндіруші ұңғымалардың өнімі автоматтандырылған топтық қондырғыға түседі, онда әрбір ұңғыма бойынша мұнай, газ және су дебиті өлшенетін болады.

«Кристалл Менеджмент» келісімшарттық учаскесі Қызылорда (Қармақшы, Жалағаш, Сырдария аудандарының бір бөлігі), Ұлытау (Ұлытау ауданының бір бөлігі) және Ақтөбе (Ыргыз ауданының бір бөлігі) облыстарының аумағында орналасқан.

Темір және автомобиль жолының ең жақын станциялары Төретам және Жосалы болып табылады.

«Кристалл Менеджмент» АҚ-на төрт бас компания иелік етеді. Оның 51 пайызын Тимур Құлыбаев «Joint Resources» АҚ арқылы бақылайды. 24,5 пайызы «Евразия Констракшн» ЖШС-не тиесілі. Бұл компания Intelligent Consulting Solutions ЖШС мен Food & Beverage Industry ЖШС иелігінде. Біріншісі – Асқар Әубәкіровтікі, екіншісі – Қайрат Қырымовтықі.

«Кристалл Менеджмент» АҚ-ның тағы 15%-ын «Позитив-А» АҚ арқылы Жұмабиқа Жылбаева басқарады. Ал Раушан Сағдиева «Fci management llp» ЖШС арқылы компанияның 9,5 пайызына иелік етеді

Кристалл Менеджмент» АҚ сервистік қызметі негізінен келісімшарттық аумақта мұнай операцияларын жүргізу, мұнай және газ кен орындарын пайдаланумен айналысады

Сондай-ақ оқыңыз