Антикор Астанада адам ұрлаған қылмыстық топты құрықтады және азаматтардан олардың өзге қылмыстары туралы білетін ақпаратты хабарлау сұралды 

Жарияланды
kursiv.media

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет адам ұрлап және оның 1,4 млн теңгеден астам мүлкін иемденген алаяқтар тобын ұстады. Қазіргі уақытта олардың ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

«Күдіктілер өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырған. Азаматты ұрлаумен қатар, есірткі заттарын сақтап және қолданғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартамыз деп бопсалаған. Сондай-ақ 1,4 млн теңгеден астам  мүлкін иемденген», – деп жазылған ANTIKOR хабарламасында. 

Антикор бұл топ мүшелерінің аты-жөнін де жариялады. Олар:  А.Е. Әшімов, А.В. Алексеев, Н.Н. Шаймарданов және А.Н. Бапанов.

Сонымен қатар осы адамдардың құқыққа қайшы қызметі туралы білетін азаматтарды  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарлау сұралды.

Топтың барлық қатысушысы соттың санкциясымен қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыз