Фото: Zakon.kz
Алматыда BMW көлігі жедел жәрдеммен соқтығысып, бірнеше адам зардап шеккен.
Zakon.kz сайтының жазуынша, жол көлік оқиғасы Момышұлы мен Рысқұлов көшелерінің қиылысында 6 қаңтарға қараған түні орын алған.
Шетелдік көлікпен күшті соқтығыс салдарынан осы көліктің жүргізушісі мен ауруханаға бара жатқан екі науқас зардап шеккен.
Дәрігерлер бөтен зат жұтып қойған баланы әкесімен бірге ауруханаға апара жатқан. Оларды басқа жедел жәрдем көлігі алып кетіп, ауруханаға жатқызған.
Жедел жәрдем жүргізушісінің айтуынша, ол Рысқұлов көшесінің бойымен шығыс бағытта келіп, бағдаршамның жасыл түсіне қиылыстан өте бергенінде, оған BMW көлігі бар күшімен кеп соғылған. Көлік Момышұлы көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан.