Жаңалықтар

Талдықорған қаласының әкімдігі аяқталған жұмысқа қайтадан 160 млн теңге бөлмекші болған

Фото: kursiv.media

Талдықорған қаласының әкімдігі аяқталған жұмысқа қайтадан 160 млн теңге бөлмекші болған. Бұл туралы Жетісу облысының прокуратурасы хабарлады. Құзырлы орган бюджет қаражатының негізсіз шығындалуына жол бермеген.

«Талдықорған қаласының әкімдігі жобалау-сметалық құжаттамаға ауланы абаттандыру бойынша басқа объектілерді салу кезінде жеке құрылыс салушылар орындаған инженерлік желілерді (жылу трассасы, кәріз жүйелері) жүргізу шығынын қосқаны анықталды»,– делінген хабарламада,

Қадағалау актісі бойынша жобалау құжаттарына көрсетілген сома мен жұмыстарды алып тастау арқылы түзетулер енгізілді. 

Кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Жақында тұрғын үй құрылысына арналған 250 млн теңгені ұрлаған әкімдік қызметкері 7 жылға сотталған болатын.

Биыл Жетісу облысының прокуратурасы 3 млрд теңгеден астам сомаға мемлекеттік сатып алуды тоқтатқан.