АҚШ Жоғарғы соты Трамптың праймеризге қатысу туралы өтінішін қарайтын болды

Жарияланды
Шығарушы редактор

Фото: Instagram/realdonaldtrump

АҚШ Жоғарғы соты Дональд Трамптың Колорадо Жоғарғы сотының шешіміне түсірген шағымын қарайтынын мәлімдеді. Бұған дейін Колорадо штатының соты оны президенттік сайлаудан шеттету туралы шешім шығарған. Reuters басылымының жазуынша, іс 8 ақпанда, мемлекеттік дауыс беруге бір ай қалғанда басталмақ.

Судьялар істі жедел түрде қарайтын болады. Олар Колорадо Жоғарғы соты Трамптың президенттікке кандидатурасын алып тастап, есімін сайлау бюллетеніне енгізбеу туралы шешімін қарайды. Бұл шешім бұрынғы президенттің 2021 жылғы 6 қаңтардағы оқиғаларға қатысуына негізделген. Сол күні Трамптың жақтастары Конгресс ғимаратына басып кіріп, сайлау нәтижелерін жоққа шығару үшін бүлік шығарған.

Трамп өз шағымында бұл тармақ президентке қатысты емес екенін, оның көтеріліске қатыспағанын және оны тек Конгресс дисквалификациялай алатынын алға тартты. Ол сонымен қатар бүкіл елге емес, тек Колорадаға қатысты дәлелдер келтірген.

Трамптың өкілдері сот шешімін «Колорадо сайлаушыларын өз кандидатына дауыс беру мүмкіндігінен айыру және сайлау процесіне араласу әрекеті» деп сипаттады.

Колорадоның шешімі Жоғарғы сот шешім шығармайынша, күшіне енбейді. Штат соты Колорадо штатының мемлекеттік хатшысына Трамптың есімін президенттік сайлау бюллетенінде қалдыруды бұйырды.

Сондай-ақ оқыңыз