Жаңалықтар

Шығыс Қазақстанда магнитурасы 3,8 балдық жер сілкінісі тіркелді

Землетрясение в ВК

Фото: shutterstock

Сағат 14:26-да Қарағанды ​​қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 309 шақырымда және Балқаш қаласынан солтүстікке қарай 56 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы CSEM EMSC сейсмологиялық орталығының сайтында хабарланды.

Сайтта 1 мың км тереңдікте магнитудасы 3,8 болатын жер сілкінісі болғаны жазылған.

Кеше алматылық сейсмологтар эпицентрін Қырғызстан аумағында орналасқан, күші 4,1 балдық жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы мегаполистен оңтүстік-батысқа қарай 404 шақырым жерде тіркелген.

Айта кетейік, 2024 жылдың алғашқы 2 күнінде Жапонияда 521 жер сілкінісі тіркелді. Ното түбегінің жағалауында болған жер сілкінісінің ең жоғары магнитудасы 7,6 баллды құрады.

Зілзаладан қайтыс болғандардың қатары бүгін 100-ге жеткені хабарланды. 211 адамнан хабар болмай жатыр.