Қазақстанда Boeing 737 MAX ұшақтары қолданыстан алынбайды

Жарияланды
Фото:shutterstocks

Қазақстанда тіркелген Boeing MAX әуе кемелері туралы ақпарат америкалық Alaska Airlines авиакомпаниясында жаңа ұшақпен болған оқиғадан кейін Азаматтық авиация комитетінде таратылды.

«Қазіргі уақытта Қазақстанның авиациялық әкімшілігі еліміздегі осы типтегі ұшақтарды пайдаланушылармен, сондай-ақ Boeing және FAA-мен әрі қарай шаралар қабылдау қажеттілігін бағалау үшін байланыста», – делінген хабарламада.

Қазақстанда 5 Boeing 737-9 MAX ұшағы тіркелген және олардың барлығында ұшуға жарамдылық сертификаттары бар.

«FAA ұшуға жарамдылық туралы шұғыл директива шығарды (2024-02-51). Ұшуға жарамдылық директивасы автоматты түрде барлық B-737 MAX пайдаланушыларына қолданылады. Бұл директива орташа кабинаның апаттық шығу люгі орнатылған кез келген санатта сертификатталған Boeing компаниясының B737-9 үлгісіндегі әуе кемелеріне қолданылады», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының пайдаланушылары әуе кемелерін апаттық шығу есіктерімен (апаттық шығу люкімен емес) пайдаланады, сәйкесінше директива осы әуе кемелеріне қолданылмайды.

Сондай-ақ оқыңыз