Илон Масктың есірткі қолдануы әріптестерін алаңдатуда

Жарияланды
Фото: РБК

Tesla және SpaceX топ-менеджерлері Илон Масктың есірткі қолданып жүргеніне алаңдап отыр. Бұл туралы  The Wall Street Journal (WSJ) басылымы хабарлады.

«Тыйым салынған заттарды пайдалану SpaceX-тің үкіметпен миллиардтаған долларлық келісімшарттарына қауіп төндіруі мүмкін», – деп атап өтті WSJ.

АҚШ ұлттық аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу басқармасы (NASA) бұл фирманың қызметін бірнеше рет пайдаланған.

Бірақ Илон Маск The Wall Street Journal (WSJ) басылымының сауалына жауап қайтарған жоқ. Бірақ, Илон Маск The Wall Street Journal (WSJ) басылымының сауалына жауап қайтарған жоқ.

«Илон Маск өз компаниялары «құнының ажырамас бөлігі». Сондықтан оның әрекеттері инвесторлардың 1 трлн долларлық активтеріне, ондаған мың жұмыс орындарына және АҚШ ғарыш бағдарламасының маңызды бөлігіне қауіп төндіруі мүмкін», -делінген басылымда.

«Ғаламшардағы ең бай адам жекеменшік ойын-сауық кештерінде ЛСД, кокаин, экстази және галлюциногенді саңырауқұлақтарды пайдаланады. Ал бұл кешке қатысушылар ақпаратты жарияламау туралы келісімге қол қойып немесе шараға кірер алдында телефондарын тапсырады»- делінген хабарламада.

Сондай-ақ оқыңыз