Фото: kursiv.media
Қаржы министрлігі қаңтарда нарықтан 635 млрд теңге тартпақ. Қазақстан қор биржасының сайтында Қаржы министрлігінің 2024 жылдың қаңтардағы бағалы қағаздар шығару кестесі жарияланды.
Кестеге сәйкес, бағалы қағаздардың биылдыққа алғашқы шығарылымы 4 қаңтарда өткен. Бұл күні жалпы сомасы 130 млрд теңгеге 4-16 жылдық МЕКАМ орналастырылған. 9 қаңтар күні орналастыралатын бағалы қағаздардың жалпы құны 170 млрд теңгені құрамақ.
Ал 16 қаңтар күні нарықтан 140 млрд теңге тарту жоспарланса, қаңтардың соңғы (23 қаңтар) аптасында шығарылатын МЕКАМ құны – 195 млр теңге.
Қаңтар айында биржаға шығарылатын бағалы қағаздардың жалпы сомасы 635 млрд теңгені болады.