«ЕСП» енді жоқ. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар салықты қалай төлейді?

Жарияланды
Что делать предпринимателям после отмены ЕСП
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған қазақстандықтарға салық төлеудің бірнеше нұсқасы ұсынылды / shutterstock

Мемлекеттік кірістер комитеті бұрын бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) пайдаланып, салық төлеген өзін-өзі жұмыспен қамтыған қазақстандықтарға биылдан бастап салық төлеудің жаңа жолдарын ұсынды.

Ақпаратқа сәйкес, өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған азаматтар жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі керек. Содан кейін Е-salyq Business мобильді қосымшасы арқылы үш салық режимінің бірін таңдай алады:

  • Патентті – салық ставкасы 1%.
  • Жеңілдетілген декларация – 3%.
  • Бөлшек салық режимі – 4%.

«Әлеуметтік төлемдердің ең төменгі айлық сомасы 17 425 теңгені құрайды (міндетті зейнетақы жарналары – 8 500 теңге, әлеуметтік аударымдар – 2 975 теңге, МӘМС жарналары – 5 950 теңге)», – деп толықтырды комитет.

Айта кетейік, БЖТ төлемдері уақытша 5 жылға (2019-2023 жылдар аралығында) тек жеке тұлғаларға қызмет көрсететін өзін-өзі жұмыспен қамтыған қазақстандықтар үшін енгізілген. 2024 жылдан бастап БЖТ бойынша төлем жасау мүмкін емес.

Айта кетейік, Ұлттық статистика бюросы өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды екіге бөледі. Олар өнімсіз жұмыспен қамтылғандар және өнімді жұмыспен қамтылғандар. Өнімсіз өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың барлығы (2023 жылдың 3-тоқсанының қорытындысы бойынша 221 мың адам) жеке кәсіпкерлер емес. Олардың ішінде дербес жұмысшылар бар. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың дәл осы бөлігі «жасырын» жұмыссыздыққа негіз болуы мүмкін. 

Осы орайда қарашада ЕАЭС-ке мүше елдер ішінде инфляция мен жұмыссыздық жөнінен Қазақстан көш бастап тұрғанын жазған болатынбыз

2023 жылдың қаңтар-тамыз айларында Қазақстаннан басқа, одаққа кіретін елдердің барлығында жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген жұмыссыздар саны айтарлықтай азайған. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жұмыссыздар саны Қырғызстанда – 5,1%-ға, Арменияда – 13,7%-ға, Беларусьте – 26,2%-ға, Ресейде – 27,2%-ға азайған. Ал Қазақстанда бұл көрсеткіш, керісінше 14,1%-ға өскен.

Экономикалық зерттеулер институты сарапшылары жүргізген зерттеуге сенсек, жұмыссыздық проблемасы еліміздің 20 өңірінің 8-де өте жоғары. Атап айтанда, Түркістан, Маңғыстау, Жетісу, Абай, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстары мен Алматы және Шымкент қалаларында жұмыссыздық мәселесі аса өткір.

Сондай-ақ оқыңыз