Жаңалықтар

Кеңес Рақышев портфелін кеңейтіп, «Шоқан академиясын» құрды

wikimedia commons и shutterstock

Қазақстандық бизнесмен Кеңес Рақышев өзіне тиесілі Fincraft Resources серіктестігінің портфелін кеңейтіп, жаңа Шоқан академиясын құру туралы шешім қабылдады.

«Серіктестік (Fincraft Resources – ред.) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Shoqan Academy» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құруға қатысады. «Shoqan Academy» ЖШС жарғылық капиталына 99% мөлшерінде үлес қосады», – делінген Kase-де жарияланған өтініште.

Яғни Рақышевтың Fincraft Resources компаниясы жаңа құрылған Шоқан академиясының 99% үлесіне ие болады.

8 қаңтарда жария болған тағы бір құжатта Рақышевтың иелігіндегі компаниялар тізімі берілген: БТА банк АҚ (29%), Fincraft Resources АҚ (76), Шоқан Уәлиханов атындағы жеке меншік мектеп (91%), Nordland Petroleum Inc. (100%), Equus Petroleum Limited (50%).

Осыған дейін Кеңес Рақышев иелігіндегі Fincraft Resources компаниясы Маңғыстау облысындағы Тастөбе кен орнын игеру құқығына ие «Nomad west oil» ЖШС-нің 50 пайыз үлесін сатып алғанын жазған едік. «Nomad west oil» ЖШС – Энергетика министрлігі өткізген аукцион нәтижесінде кен орындарын игеру құқығын иеленген компания. Бұл серіктестік Энергетика министрлігі аукцион жариялағаннан 1 айдан соң, 2023 жылдың 24 мамырында құрылған. 

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұрынғы Экономикалық даму және сауда вице-министрі Абай Ескендіровке кәсіпкер Кеңес Рақышевқа тиесілі болған «Аманат» сақтандыру компаниясының капиталындағы ірі үлесті сатып алуға рұқсат берген.