Таяу Шығыстағы текетірес салдарынан әлемдік нарықтағы мұнай бағасы құлдырады

Жарияланды
Шығарушы редактор

Таяу Шығыстағы текетірес әлемдік нарықтағы мұнай бағасына кері әсер етіп жатыр. Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының сарапшылары мұнай өндірісін ерікті түрде қысқартуға келісе сала, Эр-Рияд өзі шығаратын бүкіл мұнайдың бағасын арзандатты деп жазады.

Дүйсенбі күні Brent маркалы мұнай бағасы бірден 3,3 пайыз арзандап, барреліне 76,2 доллардан саудаланды. Оған Сауд Арабиясы өзі шығаратын бүкіл мұнай құбырының бағасын арзандатуы себеп.

Сұраныс тұрақты болғанымен, шикізат өндірушілер тарапынан ұсыныстың артуы Saudi Aramco компаниясын бүкіл аймақта Arab Light мұнайының бағасын барреліне 2 доллараға арзандатуға итермеледі.

Бұл ретте Reuters зерттеуі ОПЕК+ елдерінде мұнай өндірісі артқанын байқатады, Сауд Арабиясы, Ресей мен одаққа мүше басқа елдер мұнай өндірісін қысқартқанымен, Ангола, Ирак және Нигерия өндірісті арттырған.

Мұнай бағасы Таяу Шығыс пен Ливиядағы шиеленістің күшеюіне байланысты құбылып тұрғанын жазғанбыз.

Өткен аптада Brent 2,8%-ға, WTI 3,5%-ға қымбаттаған болатын.

Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың наурыз айындағы фьючерстерінің құны барреліне 79,16 долларды құрады, бұл алдыңғы сессияның жабылуындағы көрсеткіштен 1,57 доллар (2,02%) жоғары.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) ақпан айындағы WTI мұнай келісімшарттарының бағасы осы уақытқа дейін 1,95 долларға (2,7%) өсіп, барреліне 74,14 долларды құрады.

Сондай-ақ оқыңыз