«Майқайыңалтын» шахтасындағы құтқару жұмыстары қашан аяқталатыны белгісіз – ТЖМ

Жарияланды
Майқайың
«Майқайыңалтын» шахтасындағы құтқару жұмыстары қашан аяқталатыны белгісіз – ТЖМ / kursiv.media

Төтенше жағдайлар Сырым Шәріпханов «Майқайыңалтын» шахтасында шұңқырға құлап кеткен автобус ішіндегі құтқарушымен жүргізушіні құтқару жұмыстары қашан аяқталатынын нақты айта алмайды. 

Шәріпхановтың сөзінше, Қазақстанда бұрын мұндай болмағандықтан құтқару жұмыстарының нақты қашан аяқталатыны белгісіз. 5 күннен бері жалғасып жатқан құтқару жұмысын халықаралық тәжірибе негізінде жасалып жатқан көрінеді. Алайда оқиға орнында техникамен құтқарушылар жеткілікті болғандықтан өзге елдерден көмек сұралмайды.

Министр құтқарушылардың автобусқа әлі жетіп үлгермегенін шамамен 5 метр қашықтық қалғанын атап өтті.

«Жер бедерін геосканер өткізіп, автобустың қай жерден орналасқанын анықтадық. Оның астында тағы шұңқыр бар болып шықты. Автобустың әрі қарай құлап кетпейтініне сенімді болуымыз керек. Грундты тазалап, автобусқа жету үшін техниканы қолдануымыз қажет. Сондықтан әуе құтқару жүйесін қолданбаймыз», – деді министр.

4 қаңтарда Павлодар облысы Баянауыл ауданында «Майқайыңалтын» АҚ шахтасына құтқарушылар мінген автобус құлап кетті.

«Апат кезінде автобуста 4 адам болған: КӘАҚҚ РОШ Павлодар филиалының 3 құтқарушысы мен 1 жүргізуші. Шахтадан 33 жұмысшы эвакуацияланды, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жоқ», – деп хабарлады бастапқыда Облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Кейін «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» ТЖД құтқарушылары құмнан 2 адамның мәйіті табылғанын  жариялады.

5 қаңтарда «Майқайыңалтын» АҚ аумағында іздестіру-құтқару жұмысы аяқталмағаны, шахтаға құлап кеткен 2 адам әлі табылмағаны мәлімделді.

6 қаңтарда «Майқайыңалтын» шахтасындағы іздестіру-құтқару жұмысына 134 адам мен 37 бірлік техникаға және 3 кинологиялық есепке қосымша 2 дрон жұмылдырылды.

Дәл осы күні Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің кинологтар бригадасы келіп, іздестіру жұмысына кірісті. Сонымен қатар шахтадағы  қайғылы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейін тергеу басталды.

Айта кетейік, «Майкаинзолото» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы ретінде KASE есебінде Милан Попович есімді азамат тіркелген. Есепке сүйенсек, ол Қазақстан азаматы емес. Кипрдегі компаниялар регистрінде оған қатысы бар 8 компания көрсетілген.RocketReahc сайтының ақпаратына сүйенсек, Милан Попович Швейцария азаматы. Ол Хюненберг қаласында тіркеуде тұр

Сондай-ақ оқыңыз