Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстер кешігуі немесе тоқтатылуы мүмкін

Жарияланды

kursiv.media

Астана халықаралық әуежайы ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстер кешігуі мүмкін екенін хабарлады.

«10 қаңтар күні ескерту жарияланды. 14:00-20:00 аралығында желдің жылдамдығы 22 м/с-дан 27 м/с дейін жетуі мүмкін. Мұндай ауа-райында әуе рейстері тоқтатылуы немесе кешіктірілуі мүмкін. Дәл қазір әуежайдың әуеайлағында қалың қар, желдің жылдамдығы 10 м/с, алайда желдің екпіні 15м/с дейін жетіп тұр», –деп жазылған хабарламада.

Әуеайлақты қалың қардан тазалау жұмыстары үздіксіз жүріп жатыр. Қазір бұл жұмыстарға 10 арнайы техника жұмылдырылған.

«Бүгін елорда әуежайында 75 рейс жоспарланған. 7 рейс әуекомпаниялардың техникалық себептеріне байланысты кешіктірілуде», – делінген хабарламада.

Ал ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстердің кешігуі немесе кейінге қалдыру әзірге тіркелмеген.

Бұған дейін 30 желтоқсанда ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана халықаралық әуежайының жұмысы шектеліп, бірқатар рейстер тоқтауына мәжбүр болғанын хабарлаған.

Бұдан бөлек Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана әуежайынан 12 рейс ұша алмай, 19 рейстің келуі уақыты кешігіп жатқанын хабарлап, тізімін жариялады

Сондай-ақ оқыңыз