Француз инвесторына 100 млн теңгеге жуық ҚҚС мен баж салығы туралы заңсыз хабарлама жіберілген

Жарияланды
kursiv.media


Бас прокуратура заңсыз жіберілген хабарламаны анықтап, француз инвесторының құқығын қорғаған. Павлодар облысының салық органдары француз компаниясына ҚҚС және кедендік баж төлеу туралы заңсыз хабарлама жіберген. Үш күн ішінде хабарлама жойылған.

«Павлодар облысының салық органдары ПМХЗ-да сутектерді өндірумен айналысатын «Air Liquide» француз инвесторының атына 99,8 млн теңге сомасына ҚҚС және кедендік баж төлеу туралы хабарламаны заңсыз жіберген», – деп жазылған хабарламада

Салық органдары инвесторға импортталатын тауардың жіктелуін дұрыс анықтамаған.
Прокуратураның қадағалау актісі бойынша 3 күн ішінде хабарлама жойылды. Ал бұзушылық үшін Павлодар облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

«Air Liquide» француз компания 2018 жылдан бастап Павлодар мұнай-химия зауытында сутектерді өндіру жөніндегі жобаларды іске асырады. Аталған француз компаниясы өнеркәсіп, денсаулық сақтау және экология үшін газ өндіруде әлемдік көшбасшы болып табылады.

Сондай-ақ оқыңыз