Қазақстан еңбек нарығында сұранысқа ие емес мамандар белгілі болды

Жарияланды
Жұмыс іздеушілердің орташа жасы 44-те болды/ Фото: shutterstock және wikimedia commons

Желтоқсан айында заңгерлер, дене шынықтыру және спорт мұғалімдері және бастауыш сынып мұғалімдеріне деген сұраныс төмендеген.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Электрондық еңбек биржасының (ELT) 2023 жылғы желтоқсандағы деректеріне сілтеме жасап хабарлады.

Еңбек нарығындағы жағдай қалай өзгерді. 2023 жылғы желтоқсанда Электрондық еңбек биржасында 119,6 мың бос жұмыс орны және 59,2 мың түйіндеме жарияланған. Қарашамен салыстырғанда сұраныстың 10 %-ға өскені байқалады, ал ұсыныс 23 %-ға қысқарды.

Қай салада қызметкерлерге сұраныс артқан. Желтоқсан айында басқа қызмет түрлерінің кәсіпорындары , ауыл шаруашылығы, негізгі және орта білім беру ұйымдары қызметкерлеріне сұраныс артқан. Олар барлық орналастырылған бос жұмыс орындарының үштен бірінен астамын құрайды.

Өңірлердегі сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасы қандай

«Сұраныстың жалпы өсуіне қарамастан, бірқатар өңірлерде оның қысқаруы байқалады. Мәселен, Ақмола облысында жарияланған бос жұмыс орындарының саны бір айда 41%-ға (-2,2 мың), Қарағанды облысында – 29 %-ға (-2,5 мың бос жұмыс орны) қысқарды. Керісінше, сұраныстың өсуі негізінен оңтүстік өңірлерде байқалды. Бос орындар санын ұлғайту бойынша алдыңғы қатарда Қызылорда облысы тұр, онда бос орындар саны 152 %-ға өскен, 4,4 мың бос орынды құрайды.

Өз кезегінде, ұсыныс барлық дерлік өңірде азайды. Оңтүстік өңірлер бойынша біршама азайғаны байқалады, көбіне Шымкент қаласы бойынша түйіндеме саны (44 %-ға немесе 1,9 мыңға) қысқарған», – деді Еңбек ресурстарын дамыту орталығының АҚ Стратегия және үлкен деректерді талдау департаментінің бас сарапшысы Мадияр Алдияров.

Қандай мамандықтарға сұраныс азайды. Pаңгерлер (214 бос жұмыс орны және 846 түйіндеме), дене шынықтыру және спорт мұғалімдері (112 бос жұмыс орны және 425 түйіндеме) және бастауыш сынып мұғалімдері (151 бос жұмыс орны және 442 түйіндеме).

Жұмыс іздеушілердің орташа жасы қандай. Орналастырылған түйіндемелердің жартысы 16 мен 35 жас аралығындағы жастарға (29,9 мың)тиесілі. 27 % (15,9 мың) – орта жастағы (44 жасқа дейінгі). Тек 6 %-ы (3,8 мың) зейнеткерлікке дейінгі жастағы адамдар болды.

Ең көп жалақы қай мамандық иелеріне төленеді. Жұмыс берушілер өнеркәсіптің бас технологтарына (орта есеппен 954 мың теңгеден бастап), ұңғымаларға қызмет көрсету жөніндегі инженерлерге (800 мың теңгеден бастап) және жүйелік сәулетшілерге (700 мың теңгеден бастап) ең жоғары жалақы мөлшерін ұсынды.

Ал ең жоғары жалақыға сұраныс  жасағандар ұңғымаларға қызмет көрсету жөніндегі инженерлерден, бұрғылау жөніндегі супервайзерлерден және өнімді әзірлеу жөніндегі басшылардан болды.

Жұмыс берушілер өз қызметкерлерінде жиі көргісі келетін «икемді» дағдылар қандай

Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту жобалық офисі жұмыс беруші Электрондық еңбек биржасында бос жұмыс орындарын орналастыру кезінде көрсететін «икемді» дағдылардың тізбесін талдап, олардың ішіндегі ең сұранысқа ие талаптарды анықтағанын жазған болатынбыз.

Жұмыс берушілер өз қызметкерлерінде жиі көргісі келетін «икемді» дағдылардың ондығына мынадай сұраныстар кірген:

·        жауапкершілік, яғни өз іс-әрекеттерін білу қабілеті және өз таңдауының, берілген уәделерінің салдарын қабылдауға, өз іс-әрекеттері мен шешімдеріне жауап беруге дайын болу;

·        дербестік – өзіне сенім арту, мақсат қою, оларға қол жеткізу және өз ресурстарының есебінен өз проблемаларын шешу қабілеті;

·        ұқыптылық – өз міндеттемелерін уақытында орындау қабілеті, адамның ұйымшылдығы мен жинақылығының дәлелі;

·        бейімділік – әртүрлі жағдайларға бейімделу және белгілі бір кәсіпорынға немесе ұйымға тән ұйымдарға, жұмыс топтарына, әдеттер мен құндылықтарға бейімделу мүмкіндігі;

·        топта жұмыс істей білу –  кәсіпорынның немесе ұйымның басқа қызметкерлерімен жұмыс істеу және өз іс-әрекеттерін үйлестіру, өз міндеттерін бірлесіп орындау, топтың жұмысына үлес қосу, әркімнің үлесінен барынша пайда алу үшін топтың жұмысын ұйымдастыру;

·        сабырлылық – күтпеген жағдайларда немесе стресс кезінде тиімді әрекет ету үшін өзін-өзі бақылауды сақтау мүмкіндігі;

·        ұқыптылық – адамның тәртіпке деген сүйіспеншілігінде, уәделерді мұқият орындауда, сыртқы ұқыптылықта, орындауда, дәлдікте және адамның өзіне, еңбекке, заттарға, адамдарға деген қарым-қатынасының әдебін білдіретін мінез-құлық қасиеті;

·        тәртіптілік – қоғамда немесе жұмысшы ұжымда қабылданған белгілі бір ережелер мен стандарттарды сақтауды көздейтін өзін-өзі ұстау және бақыланатын түрде жұмыс істеу қабілеті;

·        шыдамдылық – қажетті нәтижелерді күтуде шыдамдылықты, төзімділікті және ұстамдылықты сақтау, өз өміріндегі ауыртпалықты, бақытсыздықты, қайғыны, сәтсіздікті сабырлы түрде беру;

·        ынтымақтастық және өзара іс-қимыл-бірлескен қызметті ұйымдастыру, жұмыс ұжымының басқа қызметкерлерімен жұмыс істеу және өз іс-әрекеттерін үйлестіру, ақпаратты нақты беру және алмасу, белсенді тыңдау, ашық болу қабілеті кірді.

Сондай-ақ оқыңыз