ЕАДБ экономикалық аймағында инфляция 2024 жылы 5,8%-ға дейін төмендейді деп күтілуде / Фото: kursiv.media
Еуразиялық экономикалық даму банкі 2024-2026 жылдарға арналған болжамын жариялады. Оған сәйкес Қазақстанның экономикалық өсімі 5% деңгейінде болжанған. Ел еліміздегі инфляция 7,1%-ға дейін бәсеңдеуі мүмкін.
Болжамға сәйкес 2024 жылы бұл аймақтағы экономикалық өсім 2 пайызды құрайды. Одақтың экономикалық өсіміне Ресей мен Беларусь экономикаларының 2023 жылы қалпына келіп, тұрақтауы әсер етпек.
«Ішкі сұраныстың қысқаруы жағдайында Ресей экономикасы 2024 жылы 1,5%-ға өседі. Бұл өз кезегінде бұл одақтағы елдерден экспорт қарқынының төмендеуіне және оларға Ресейден ақша аударымдары қарқынының баяулауына әкеліп, аймақтың ЖІӨ динамикасына айтарлықтай әсер етеді. Экономикалық өсім Арменияда 5,7%-ға, Беларусьте 2%-ға, Тәжікстанда 7,3%-ға дейін баяулайды деп күтілуде. Ал Қазақстанда ЖІӨ өсу қарқыны инвестициялық саясатты ынталандыру арқылы қолдауға ие болады және 5%-ды құрайды. Қырғызстанда негізгі металдар өндірісінің артуы жалпы ішкі өнімнің 4,5%-ға өсуіне әкеледі»,- делінген ЕАДБ есебінде.
Есепте ЕАЭО аймағындағы экономика 2023 жылы жақсы динамика көрсеткені айтылған. Мәселен, Ресей мен Беларусь 2023 жылдың үшінші тоқсанында ЖІӨ көрсеткіштерін дағдарысқа дейінгі деңгейге келтіріп, өз экономикаларын жаңа жағдайға бейімделген. 2023 жылы Беларусьте ЖІӨ 3,9%-ға, Ресейде 3,1%-ға өскен. Қазақстанның экономикалық өсімі 4,8%-ға, Арменияның ЖІӨ – 8,3%-ға, Қырғызстан ЖІӨ – 4,6%-ға, Тәжікстан ЖІӨ – 8,2%-ға дейін көтерілген.
ЕАЭО операциялық аймағында инфляция 2023 жылы 7,8%-деңгейінде болса, 2024 жылдың соңында шамамен 5,8%-ға дейін төмендейді деп күтілуде.
«Орталық банктердің қатаң ақша-несие саясатын жалғастыруы негізінде 2023 жылы аймақтағы инфляция 2022 жылғы 13,1%-дан 7,8%-ға дейін баяулады. Дегенмен, 2023 жылдың екінші жартысында еңбек нарығындағы жағдайға байланысты ауқымды экономикалық ынталандыруға байланысты аймақтың бірқатар елдерінде баға қысымы пайда болды. Алайда ішкі сұранысты тұрақтандыруға бағытталған реттеу саясаты негізінде, бұл қысым 2024 жылы әлсіреуі керек. Десе де, инфляция мақсатты деңгейден жоғары болып қалады. Жоғары пайыздық мөлшерлемелер Ресейде тұтыну бағасының өсу қарқынының 2023 жылғы 7,9%-ға қарағанда 2024 жылы 5,4%-ға дейін баяулауына әкеледі. Арменияда инфляция мақсатты дәліз шекарасына қарай артып, 3,6%-ды құрайды. Қазақстан мен Қырғызстанда баға өсімі баяулауды жалғастырады, бұл елдердегі инфляция 2024 жылы тиісінше 7,1% және 7,8% деңгейінде болады. Бағаны реттеуге байланысты жинақталған инфляциялық әлеуетке байланысты Беларусьтегі бағаның өсуі қарқын алып, инфляция 8%-ға дейін жеделдейді. Тәжікстанда ішкі сұраныстың жоғарылауы жағдайында инфляция 6,6%-ға дейін өседі»,- делінген құжатта.
Сонымен бірге ЕАДБ есебінде жаһандық экономикалық өсімнің баяулайтыны жазылған.
«Жетекші орталық банктер монетарлық қатаң саясат ұстану мерзімі ұзарды. Дамыған елдерде инфляция баяулады, бірақ ұсыныс жағындағы шектеулерге байланысты бағаның өсу қарқыны ұзақ уақыт бойы жоғары деңгейде сақталады. Бұл қатаң қаржылық жағдайларды ұзақ мерзімді сақтау үшін алғышарттар жасайды. Нәтижесінде 2024 жылы АҚШ-тың ЖІӨ өсімі 2024 жылдың басында таяз рецессия мүмкіндігімен 1% төмен болады деп болжануда. Орта мерзімді перспективада АҚШ экономикасының өсу қарқыны жылына 2%-дан төмен болып қалады. Еуроаймақтағы экономика 2024 жылы 0,9%-ға, 2025-2026 жылдары шамамен 1,5%-ға өседі. Қытайда орта мерзімді перспективада жаһандық сұраныстың әлсіздігі мен ішкі құрылымдық проблемалар салдарынан экономикалық белсенділік әлсірейді. Қытайдың ЖІӨ өсімі 2023 жылғы 5,6%-дан 2024-2026 жылдары жылына шамамен 4%-ға дейін төмендейді. Өсудің ішкі көздерінің арқасында ЕАЭО операциялық аймағының ЖІӨ 2023 жылдың соңына қарай 3,4%-ға өседі»,- делінген есепте.
Ал бір ай бұрын ЕАДБ Қазақстан экономикасының өсу болжамын көтерді. Еуразиялық Даму Банкі макроэкономикалық болжамның жаңа нұсқасында 2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның ЖІӨ өсімін 4,8% дейін көтерді. Осыған дейінгі нұсқада өсім 4,3% болған.
Өсу қарқыны көрсеткіші бойынша Қазақстан ЕАЭО мен Орталық Азияда (Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Армения және Тәжікстан) — Армениядан (8,3%) және Тәжікстаннан (8,2%) кейін үшінші орында тұр. Қырғызстан экономикасы, ЕАДБ болжамына сәйкес, 4,6%, Беларусь — 3,9%, Ресей -3,1% өскен. Өңірдегі жиынтық инфляция жыл соңына қарай 7,8% болған.
Еске сала кетсек, президент Қасым-Жомарт Тоқаев ЕАЭО бойынша экономикалық өсім бәсеңдеуі мүмкін екенін айтты. Сол себепті мемлекет басшысы мүше елдерді 2024 жылдың сын-қатерлеріне бірлесе дайындалуға шақырды.
«Экономикамыздың орнықты даму траекториясын сақтау үшін 2024 жылдың сын-қатерлеріне бірлесе дайындалуымыз керек. Сарапшылар болжамына сәйкес келесі жылы жаһандық экономика бірқалыпты, тіпті баяу қарқынмен, яғни 1,5 пайыздан 3 пайызға дейін өседі. Нарығының көлемі 2,6 трлн долларға тең Еуразиялық экономикалық одақ әлемдік экономиканың ажырамас бөлігі ретінде өсімнің бәсеңдеуін сезінуі мүмкін. Сондықтан біз қазіргі экономикалық резервті және өзара тиімді интеграцияның қолда бар әлеуетін барынша жұмылдыруымыз қажет. Қазақстан әуел бастан Одақтың экономикалық сипатын айқындайтын қағидатты берік ұстанды. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер өз істері мен шешімдерінде дәл осы күн тәртібінен ауытқымауға тиіс деп санаймыз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.