Жаңалықтар

Ғарыштан жасалған мониторинг 2,5 мың кен орнында пайдалы қазбалар заңсыз өндіріліп жатқанын анықтаған

2023 жылы ғарыштан жасалған мониторинг нәтижесінде 77 кен орнында пайдалы қазбалар заңсыз өндіріліп жатқаны анықталған. Сонымен қатар ел аумағында 1 миллион гектарға жуык егістік алқабы пайдаланылмай бос жатыр. Бұл туралы ЦДИАӨМ баспасөз қызметі хабарлады.

Жалпы ғарыштан жүргізілген мониторинг нәтижесінде пайдалы қазбаларды заңсыз өндірген 2503 факті анықталған. Соның ішінде 2023 жылы 77 жаңа жағдай тіркелген.

«2023 жылғы ғарыштық мониторинг бойынша 22 қала аумағында тіркелмеген жер телімдерінің жалпы саны 296 мыңнан асатынын анықталды»,– деп хабарлады Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі.

Ғарыштық бақылау не үшін қажет? Жерді қашықтықтан зондтау деректері экология, ауыл және орман шаруашылығы, су ресурстары, төтенше жағдайлар, жер пайдалану және жер қойнауын пайдалану салаларында қолданылады.

«Қазақстанның ғарыштық мониторингі табиғи ресурстарды басқаруда, жер мен су ресурстарының нақты мониторингін және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етуде басты рөл атқарады. Бұл технология ауыл шаруашылығы өнімін жақсар және экологиялық мониторингті оңтайландыруға көмектеседі, экологиялық проблемалар мен табиғи апаттармен күресуге көмектеседі», – делінген хабарламада.

Қазақстанның бүкіл аумағында ғарыштық мониторингті «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ жүргізеді.

«Мониторинг кезінде отандық KazEOSat-1 ғарыш аппаратынан жоғары кеңістік кескіндер пайдаланылады, бұл қаладағы нысандар мен өзгерістерді анықтау үшін егжей-тегжей түсіруге мүмкіндік береді», – деп қосты министрлік.

Билік KazEOSat-2 спутнигін де пайдаланады. Ол ауылшаруашылық жерлері мен табиғи ресурстар сияқты үлкен аумақтарды бақылауға арналған.