Қазақстан банктері бірыңғай QR-код жүйесіне қашан өтеді?

Жарияланды
Шығарушы редактор
бірыңғай QR-код
Фото: shutterstock

Қазақстандағы екінші деңгейлі банктер бірыңғай QR жүйесіне қашан өтетіні белгісіз. Сауда және интеграция министрі қазіргі кезде бұл жоба әлі талқыланып жатқанын айтады.

«Менің білуімше, бұл жұмысты Ұлттық банк жүргізіп жатыр. Ол әлі талқыланып жатыр. Бұл жүйеге өтудің нақты талаптары мен көрсеткіштерін білу үшін уәкілетті органға хабарласу керек», –деді Шаққалиев.

2022 жылы Қазақстанда барлық банк үшін бірыңғай QR коды енгізілетіні хабарланған. Сол арқылы қай банктің клиенті болса да, кез келген терминал арқылы QR арқылы төлем жасауға болады делінген.

QR-код арқылы төлемдерді қабылдауға арналған бірыңғай терминалдар жыл соңына дейін орнатылуға тиіс еді.

Алайда бұл жоба әлі жүзеге асқан жоқ.

Сондай-ақ оқыңыз