Қазақстан үшін инфляцияның ең оңтайлы деңгейі – 5-7 пайыз – Ұлттық банк

Жарияланды
Шығарушы редактор
Зампред Нацбанка назвал цель инфляции ниже решулятора

Коллаж: kursiv.media

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов Қазақстан үшін инфляцияның ең оңтайлы деңгейі 5-7 пайызды құрайды деп тұжырымдайды. Бұл туралы ол 24KZ телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеген.

«Осы деңгейдегі инфляция Қазақстан үшін аса жоғары емес. Оған қоса экономикалық өсімді сақтау мен белгілі бір тұрақтылыққа қол жеткізу үшін қолайлы», – дейді ҰБ төрағасының орынбасары.

Сонымен қатар Баймағамбетов әлемдік ЖІӨ-нің 70%-ын өндіретін елдер де инфляцияны таргеттейтінін айтып өткен.

Қандай себебі бары белгісіз, ҰБ өкілі Ресей орталық банкінің ақша-несие саясатын оң мысал ретінде айтып өткен.

Алайда сарапшылар сыртқы санкциялар мен ішкі проблемалардың көптігінен Ресей Орталық банкі ұстанған саясаттың тиімділігі өте төмен екенін алға тартады. Сондықтан көршілеріміз валюта және экономиканың көптеген секторын «қолмен реттеуге» көшкен. Сол себепті олардың саясаты үлгі етуге тұрайды деп отыр

Соңғы ресми мәлімет бойынша, елдегі жылдық 9,8%-ды құрап отыр. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, бір жыл ішінде азық-түлік бағасы 8,5%, азық-түлік емес тауарлар 9,1%, қызметтер көрсету 12,4%-ға өскен.

Былтыр ел Үкімет елдегі инфляция деңгейін төмендетуге бар күш-жігерін салды. Өйткені 2022 жыл ел экономикасы үшін ауыр тиіп елдегі инфляция шарықтап кетті.

Нәтижесінде 2023 жылғы ақпанда жылдық мәндегі инфляция деңгейі 21,3%-ды құраған еді. Ал наурызда Премьер-Министр Әлихан Смайылов 20 пайыздан асып кеткен инфлияцияны екі есе азайтуды тапсырған болатын.

Сол кезде қайта тағайындалған Үкімет басшысы 2023 жылы орта мерзімді кезеңде экономика өсімін 5%-ға дейін жеткізіп, жыл аяғына дейін инфляцияны 2 есе төмендету – басты міндетіміз деген болатын.

Жыл соңына қарай Үкімет қойған межесіне жетіп, Қазақстандағы жылдық инфляция 10,3%-ды құрады.

Инфляция екі есе төмендейді дегенімен, сарапшылар инфляцияның баяулауы – азық-түліктің арзандауы емес деп тұжырымдайды.  Бұған бір себеп – негізінен шикізаттық ел екеніміз болса, екінші себеп – Ресейден келетін арзан тауарға тосқауыл қоя алмай отырғанымыз. 

Десе де, Еуразиялық даму банкі 2024 жылы Қазақстан экономикасы 5%-ға көтеріліп, инфляция 7,1%-ға дейін төмендейді деген болжам жасады.

Сондай-ақ оқыңыз