Air Astana компаниясы LSE, AIX пен KASE-де IPO-ға шықпақ

Жарияланды
авиарейс
Air Astana компаниясы LSE, AIX пен KASE-де IPO шықпақ / shutterstock

Air Astana әуекомпаниясының алғашқы жария ұсынысты (IPO) өткізу мүмкіндігін қарастыруға ниетті. Бұл туралы компанияның сайтында жарияланды.

Компания Лондон қор биржасында, AIX және KASE-де бағалы қағаздарды орналастырып, өз дамуына 120 млн доллар тартуды жоспарлап отыр.

«Егер компания ұсынысты жүзеге асыру туралы шешім қабылдаса, онда ол «Стандарт» сегментіндегі FCA бағалы қағаздарының ресми тізіміне ҒДҚ енгізуге және оларды LSE негізгі алаңында ресми сауда-саттыққа жіберуге, акциялар мен ҒДҚ-ны AIX ресми тізіміне және AIX-тегі сауда-саттыққа жіберуге өтінім береді», –делінген хабарламада.

Өтінімдерді қабылдау процедурасы, оның ішінде баға диапазоны мен роуд-шоу туралы хабарландыру қаңтар айының соңында шығады. Отандық инвесторларға ұсынылатын бағалы қағаздар AIX (ҒДҚ және акциялар) және KASE (тек акциялар) алаңдарында ұсынылатын болады.

Ал шетелдік инвесторларға Лондон биржасында ұсынылады. Шетелдік инвесторларға ұсынылатын BAE жалпы ұсыныстың 15% құрайды.

«Бұл шара президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021-2025 жылдарға арналған жекешелендіру жобасы аясында «Самұрық-Қазына» кешенді жоспарын іске асырудың бір бөлігі», – деп атап өтті «Самұрық-Қазына».

30 қарашада Bloomberg әуе компанияның арнайы кеңесшілерді жалдап жатқаны туралы хабарлаған. 2024 жылдың 1 тоқсанына жоспарланып отырған «Air Astana» акцияларын екі IPO-дан: Лондон биржасы (London Stock Exchange) және халықтық IPO-дан (AIX және KASEбиржасынан) алуға болады деп күтілуде.

«Самұрық-Қазынаның» даму және жекешелендіру жөніндегі бұрынғы басшысы Ернар Жаңаділдің айтуынша, екі бірдей листинг жасаудың негізгі себебі компания акцияларына 49% иелік ететін британдық BAE Systems авиакомпаниясының шешімі болуы мүмкін. 

Сондай-ақ оқыңыз