Салтанат Нүкенованың туыстары Бишімбаевқа қатысты сот процесі ашық өтуін талап етеді

Жарияланды
Салтанат Нүкенованың туыстары Бишімбаевтың сот процесі ашық өткенін талап етеді / коллаж kursiv.media

Әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікке ілінген бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот процесі ашық өтуі мүмкін. Нүкенованың туыстары осындай талап қойып отыр.

КТК арнасына берген сұхбатында Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді күдікті Бишімбаев өзінің «лауазымды таныстары» көмегімен жазадан қашып құтылуы мүмкін екендігін айтады. Сондықтан сот процесінің ашық өткенін талап етпек.

«Менің білуімше, оның (Бишімбаевтың -ред.) айналасында қазірге дейін билікке тікелей қатысты адамдар өте көп болды. Істің ашық қаралуы мен оған журналистердің қатысуы сот процесін әділ өткізуге мүмкіндік береді. Бірнәрсені жасыруға, үнсіз қалуға немесе немесе әділетсіз шешім шығаруға мүмкіндік болмайды», – деді Айтбек Амангелді.

Ол Салтанат Нүкенованың ағасы ретінде сот ісінде жәбірленуші тарап болып бекітілген.

11 қаңтарда Қуандық Бишімбаевтың қамау мерзімі 9 наурызға дейін ұзартылғаны белгілі болған.

Естеріңізге сала кетейік, Астана қаласында 9 қараша күні сағат 19.54-те қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының пультіне қоңырау түскен. Жедел жәрдем бригадасының келген бетте, 1992 жылы туған әйелдің өлімі анықталды. Белгілі болғандай Bau мейрамханасында экс-министр Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен ұсталды.

Айта кетейік, күдікті Бишімбаев 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сондай-ақ, Президент Бишімбаевтың ісін ерекше бақылауға алуды тапсырған болатын.

9 қаңтарда Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты тергеу аяқталды. Бұл туралы адвокат Жанна Оразбахова Instagram парақшасына жазған болатын. Жанна Оразбахова кісі өлтіру оқиғасының мән-жайын айта алмайтынын, тараптар материалмен танысып, өтініш бергеннен кейін іс шешім қабылдау үшін прокуратураға жолданатынын жариялады. 

Бишімбаев осыған дейін 2018 жылы жемқорлық бабымен сотталып, 2019 мерзімінен бұрын босап шыққан.

Бишімбаевты 2016 жылы Ұлттық экономика министрі қызметінен бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі алып тастаған. Назарбаев Бишімбаевтың «бұрын «Бәйтерек» холдингінің басшысы болған кезде күмән тудыратын істермен айналысқаны» туралы айтқан. 2017 жылдың қаңтарында Бишімбаев холдинг директоры болғанда Қызылорда қаласында салынуы керек болған әйнек зауытының құрылысы кезінде мердігер компаниядан ірі көлемде пара алды және «Бәйтерек» холдингінен ірі көлемде ақша жымқырған қылмыстық топ құрды деген айыппен ұсталған

Сондай-ақ оқыңыз