Риддер қаласы қар көшкіні салдарынан сусыз қалды

Жарияланды
вода
Риддер қаласы қар көшкіні салдарынан сусыз қалды / shutterstock

Риддер қаласының тұрғындары қар көшкіні салдарынан ауызсусыз қалды. Қала әкімдігі тұрғындарды сабырға шақырып, тек ресми ақпаратқа сенуді сұрады.

Әкімдіктің ақпаратына сүйенсек, Громатуха өзені шатқалында қар көшкіні жүріп, қалада ауызсу жүйесі жабылған.

«Бөгет табиғи түрде өзен суымен тазарады. Әзірге өзен бойына көшкен қар мен мұздық көлемін анықтау мүмкін емес. Жол жоқ, ұзындығы шамамен 45 км көшкін болуы мүмкін», – делінген әкімдік ақпаратында.

Қазіргі уақытта әкімдік жер асты су жолын іске қосуға тырысып жатыр. Қала тұрғындарына ауызсуды көлікпен жеткізу туралы ақпарат жоқ. 

«Қысым бар-жоғы 1,5 кг. Осылайша тек бірінші қабаттағы үйлер ғана су келіп тұр»,– делінген хабарламада.

Әкімдік өкілдері қала тұрғындарын сабырға шақырып, тек ресми ақпаратқа сенуді сұрап, жағдайдың бақылауда екенін айтты.

Желтоқсанның 9-нан 10-на қараған түні Жайық өзеніне мұз қатуына байланысты Атырау тұрғындары сусыз қалды.

Сондай-ақ оқыңыз