Ғалым Құсайынов Bereke Bank директорлар кеңесінің құрамынан шығарылды

Жарияланды (жаңартылды )
Ғалым Құсайынов
Құсайынов Bereke Bank-тің директорлар кеңесінің құрамынан шығарылды / Instagram

«Бәйтерек» холдингі Bereke Bank -тің директорлар кеңесінің құрамынан ЦентрКредит Банкінің (ЦКБ) бұрынғы басқарма төрағасы Ғалым Құсайыновты алып тастау туралы шешім қабылдады, делінген Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтындағы хабарламада.

Директорлар кеңесінің бұрынғы құрамында Құсайынов тәуелсіз директор рөлін атқарған болатын. Оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатудың себебі айтылған жоқ. Құсайыновтың орнына «Бәйтерек» холдингі атынан Банктің жалғыз акционері ЦКБ және Қазақстанның Даму Банкінің Директорлар кеңесінің мүшесі Әнуар Сәйденов тағайындалды.

2012 жылдан 2022 жылға дейін Құсайынов ЦентрКредит Банкінің басқарма төрағасы болған.

2022 жылдың қарашасында Құсайынов Bereke Bank директорлар кеңесіне сайланды. Оның тұсында несие ұйымы АҚШ Қаржы министрлігінің бұғаттаушы Sdn санкциялық парағынан шығарылды. Қазір «Бәйтерек» холдингі акциялардың бақылау пакетін сатып алуға келісетін инвестор іздеп жатыр. Қазіргі кезде басты үміткерлердің бірі ретінде –Катардан келген банк холдингі қарастырылып жатыр.

Енді Банктің Директорлар кеңесі құрамына Мақсат Нұрденұлы, Асқар Елемесов, Мағжан Мәдиев және Әнуар Сәйденов кіреді.

Бұған дейін, қаржыгер Ғалым Құсайынов соңғы отырыстағы ҰБ-ның базалық ставканы 0,25 пайызға дейін төмендетуін қисынды шешім деп баға берген еді.

«Егер біз 10 пайыздан төмен нарықтық ставкаларды қаласақ, онда инфляцияны 4-6 пайызға дейін түсіруіміз керек. ҰБ осы параметрге жету үшін барын салып жатыр. Базалық мөлшерлеменің өте мұқият төмендеуі елдегі ақша массасын арттыратын және ішкі сұраныс пен тауар, жұмыс және қызмет импортын ынталандыратын өте үлкен фискалдық импульстің салдары болып саналады. Бұл қалай жұмыс істейді: мемлекет жүзеге асыратын шығындардың бәрі экономикаға түседі және әрі қарай жалақы, түрлі жобалар мен шығындар арқылы нарыққа келеді, оған тұтынушылар ақша жұмсайды. Сәйкесінше, ақша не ел ішіндегі тауар, жұмыс және қызмет өндірісіне кетеді, ал сұраныс өскен кезде баға да өседі, сөйтіп не импортқа жұмсалады. Бұл өз кезегінде импортты сатып алу үшін валюта сатып алуға ынталандырады, бұл теңгенің құнсыздануына алып келеді. Демек, импорт өсіміне, инфляция өсіміне жол ашады», дейді.

Сондай-ақ оқыңыз