Reuters: Ресей Новороссийск арқылы мұнай жеткізуді тоқтатты

Жарияланды (жаңартылды )
Reuters агенттігі хабарлайды
Reuters агенттігі Ресейдің Новороссийск арқылы мұнай жеткізуді тоқтатқанын хабарлады / dp.ru

Ресей Қара теңіздегі дауыл салдарынан 14 қаңтардан бастап Новороссийск арқылы мұнай жеткізуді тоқтатты.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, бүгін 15 қаңтарда Каспий құбыр консорциумы (КҚК) дәл осындай себептермен Новороссийскідегі терминалы арқылы мұнай өнімдерін жөнелтуді тоқтатқан болатын.

Каспий Құбыр Консорциумы Қазақстандық теңіз мұнай-газ кен орнын және тағы басқаларымен Новороссийск маңындағы Оңтүстік Озереевкадағы теңіз терминалымен байланыстырады. Ал компания терминалдың жұмысын тоқтата тұру туралы түсініктеме беруден бас тартты.

Агенттіктің хабарлауынша, ресейлік компаниялар 14 қаңтардан бастап ауа райының нашарлауына байланысты Қара теңіз арқылы мұнай экспортын тоқтатқан болатын.

Гидрометеорологиялық орталықтың мәліметі бойынша, 15 қаңтарға қараған түні Новороссийск жағалауындағы теңізде толқындардың үш метрге дейін көтерілген тіркелген.

Ведомствоның болжамы бойынша, 16 қаңтарда теңіздегі толқындар төрт метрге дейін көтерілуі мүмкін.

Осыған дейін, желтоқсан айының соңында Қазақстандық мұнай экспортының шамамен 80%-ы өтетін «Каспий құбыр консорциумы» (КҚК) мәжбүрлі түрде бірнеше күн тоқтағаны және кейін жұмысы қалпына келтірілгені хабарланған болатын. КҚК Новороссийск порты арқылы өтеді.

Каспий құбыр консорциумының мұнай жөнелту мүмкіндігін 2024 жылға қарай жылына 80 млн тоннаға жеткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Shell концернінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиында мәлімдеді. 2001 жылдан бастап КҚК арқылы 860 млн тоннадан астам қазақстандық мұнай экспортталды.

Осы уақыт аралығында КҚК-ның өткізу мүмкіндігі 2,5 есеге жуық өсіп, жылына 67 млн тоннаға дейін жетті. 2024 жылға қарай осы көрсеткішті 80 млн тоннаға дейін жеткізу жоспарланып отыр», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кету керек, КҚК қазақстандық мұнайдың негізгі экспорттық бағыты.

Сондай-ақ оқыңыз