Құпия ақпаратты сақтамаған: Morgan Stanley айыбын өтеуге 250 млн долларға жуық қаражат жұмсайды

Жарияланды
Morgan Stanley

Мorgan Stanley бұрынғы басшыларының бірі Паван Пассиге де 250 млн доллар айыппұл салынған / Фото: kursiv.media

Мorgan Stanley құпия ақпаратты жария еткені үшін 249 миллион доллардан астам қаражат төлейді.

Америкалық Morgan Stanley банкі 249 миллион доллардан астам қаражатты алаяқтық және «ақпараттық кедергілердің» болмағаны үшін төлейді. АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясы осындай шешім шығарған. Комиссия банкті акциялардың ірі пакеттерін сату туралы құпия ақпаратты ашты деп айыптайды.

«Акция сатушылары Morgan Stanley-ге алдағы блоктық сауда операциялары туралы айтарлықтай маңызды әрі жария етуге жатпайтын ақпаратты беріп, банк оны құпия сақтайды деген үмітпен тапсырады», – деді АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясының басшысы Гэри Генслер баспасөз хабарламасында.

Генслердің айтуынша, несие беруші мен оның бұрынғы үлестік синдикация басшысы Паван Пасси ақпаратты өз пайдасына пайдаланған. Сонымен қатар АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясы Пассиге де 250 мың доллар айыппұл салды.

Еске сала кетсек, Британияның энергия нарығын реттеушісі Ofgem қызметтік байланыс ережелерін бұзғаны үшін Morgan Stanley-ге 5,4 миллион фунт немесе 6,9 миллион доллар айыппұл салған болатын.

Реттеушінің хабарламасына сүйенсек, банк трейдерлері жеке телефондарына орнатылған WhatsApp қосымшасы арқылы энергия нарығындағы транзакцияларға қатысты хат алысып отырған.

Банк ережелері қызметкерлерге сауда транзакцияларына қатысты келіссөздер үшін WhatsApp-ты пайдалануға тыйым салады, бірақ банк өзінің ережелері мен реттеуші талаптарының сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдамаған.

Мұндай ереже бұзу 2018 жылдың қаңтарынан 2020 жылдың наурызына дейін тіркелген.
Компания ережелері қызметкерлерге сауда мәмілелеріне қатысты коммуникацияда WhatsApp-ты пайдалануға тыйым салады. Алайда бұл ереже сақталмаған.

Реттеуші Morgan Stanley заң бұзушылықтарды мойындағанын, сондықтан айыппұл сомасына 30% жеңілдік алғанын атап өтті. Сондай-ақ банк болашақта мұндай бұзушылықтарға жол бермеу үшін шаралар қабылдайтынын мәлімдеген.

Сондай-ақ оқыңыз