2004 жылы Қордай ауданы әкімдігінің және Қордай ауылдық округі әкімінің актілерімен Болат Назарбаевқа тиесілі «Қарасай БН-Тараз» ЖШС-ға «Барыс-2» сауда кешеніне қызмет көрсету үшін ауданы 34,3017 га учаске берілген болатын. Бұл туралы Жамбыл облысының прокуратурасы мәлімдеді.
Прокуратураның айтуынша, базардың жері қолданысқа берілген кезде оның тәртібі бұзылған.
«Атап айтқанда ауыл шаруашылығы мақсатындағы ерекше қорғалуға жататын ауданы 22,25 га суармалы егістік жерлердің бір бөлігі базарға қызмет көрсету үшін берілген. Осыған байланысты прокуратура аудан және ауылдық округ әкімдіктерінің актілерін, сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тану және күшін жою туралы сотқа арыз берді»-делінген хабарламада.
Сот шешімі
«Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы қаулысымен «Қарасай БН-Тараз» ЖШС-мен Қордай ауданы әкімдігінің Жер қатынастары бөлімі арасындағы 24.07.2007 жылғы №81 және №82 жер учаскелерін сатып алу-сату, жер учаскелерін өтеусіз беру туралы «Қордай Инвест» ЖШС-ның барлық шарттары жарамсыз деп танылып, күштері жойылды»-делінген Жамбыл облысының прокуратура мәлімдемесінде.
Сот қаулысы 28.12.2023 жылы заңды күшіне енді, жер учаскелеріне мемлекеттік актілердің күші жойылды.
Сонымен қатар, Болат Назарбаев маусым айында мемлекет меншігіне өткен «Барыс» базарын қайтарып алуға арыз берген еді. Оның шағымы аппеляциялық сотта қаралды. Азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы Назарбаевтың талабын қанағаттандырмаған еді.
Сот Назарбаевқа ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге қатысты жер учаскелерін беру кезінде облыстық аумақтық орган мен жерге орналастыру жөніндегі орталық уәкілетті органдар арасында келісім жасалмағанын анықтады.
2014 жылы жер учаскелерін уақытша пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы аудан әкімінің қаулысы да жарамсыз. Ол жалпы аудан әкімдеріне белгіленген құзыреттілікті бұза отырып шығарылғаны белгілі болды. Себебі ол кезде аталған жер учаскелері Қаскелең қаласының меншігіне өткен болатын.
Осылайша, Қарасай аудандық соты 2023 жылдың 17 сәуірде қаулы шығарды. Онда мемлекеттік мекемелерге, сонымен қатар азамат Назарбаевқа жасалған мәмілелерді жарамсыз деп тану және жер учаскелеріне меншік құқығын мемлекеттік тіркеудің күшін жою туралы прокурордың талап арызын ішінара қанағаттандырды.
Еске салайық, 2023 жылы қара айының ортасында экс президенттің інісі Болат Назарбаев қайтыс болды. Болат Назарбаев 1953 жылы 23 наурызда Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген. Ол Назарбаевтар отбасының кенже баласы. Үлкен ағасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның тұңғыш президенті болса, екінші ағасы Сатыбалды Назарбаев 35 жасында қайтыс болған. Әпкесі Әнипа Назарбаева жеке кәсіппен айналысатыны белгілі.