Полиция Башқұртстанда наразылық білдірушілерге қарсы көзден жас ағызатын газ қолданды

Жарияланды
vk.com/Фаил Алсынов және vk.com/irendek видеосынан скриншот

Башқұртстан соты жергілікті эко-белсенді Фаил Алсыновты «өшпенділік немесе араздық тудыру» ісі бойынша төрт жылға соттады. Алсыновқа сот үкімі шығысымен Баймақ қаласында жаппай наразылық басталды. БАҚ мәліметі бойынша полиция көзден жас ағызатын газ қолданып, наразылық білдірушілерді ұра бастаған. 

Наразылық қалай өтіп жатыр

Баймақ қаласының жүзге тарта тұрғыны 17 қаңтар күні белсенді Фаил Алсыновқа шығатын сот үкімі үшін жергілікті со т ғимаратына келген. Сот ғимаратына баратын жерді полиция автокөліктерімен және коммуналдық қызметтің тракторларымен жауып тастаған. Адамдар көліктерін тастап, жаяу жүруге тура келді, деп жазады Настоящее время. Сонымен қатар Баймақ қаласында интернетті толығымен өшіріп тастаған. 

Сот Алсыновты 4 жылға бас бостандығынан айырып, жазасын колония-қоныста өтеуге үкім шығарды. Сот үкімі шыққаннан кейін полиция қызметкерлері адамдарды ығыстыра бастады. Баймақтағы сот ғимараты жанында адамдарды ұстап жатқаны жайлы бірінші болып «Говорит НеМосква» Telegram-канал хабарлады. 

Журналистердің нақтылауынша, полиция ұстамас бұрын адамдар қалқан ұстаған полиция қызметкерлерінің тосқауылын итеріп қақтығыс басталған. Кейбір мәліметтер бойынша адамдардың арасында газ баллоны бар арандатушы бар. 

«Ұстаған кезде арнайы жасақ адамдарды таяқпен ұра бастаған. 22 шақты адам медициналық көмекке жүгінген», – деп жазылған жарияланымда. 

SOTA Telegram-каналы полиция сот ғимаратына жиналғандарға қарсы көзден жас ағызатын газ бен түтіндету құтыны пайдаланып жатыр. Түтіндету құтысының жартысы құқық қорған органдары қызметкерлерінің өзіне қарай кері ұшқан. Бұған қоса жиналғандар мұз бен қармен атқылап жатыр.  

Фаил Алсынов не үшін сотталған

Фаил Алсыновқа қатысты істің қозғалуына оның 2023 жылы сәуірде айтқан сөзі себеп болған. Тергеушілер Алсынов  «Кавказ тұрғындары», «Орталық Азия», «армяндарға» қатысты жағымсыз баға берген. Сондай-ақ тергеушілер оның айтқаны бұл топтағы адамдардың «қадір-қасиетін қорлау» деп есептейді. 

Алсыновтың адвокатының айтуынша, айыптауға белсендінің «қара халық» деген сөзі себеп болған. Тура мағынасында қара халық деп айтылғанмен, түрік тілінде бұл  «қарапайым адамдар», «қарапайым халық» дегенді білдіреді. 

Сот үкімінен бір күн бұрын Росфинмониторинг Алсыновты «эстремистер мен террористер» тізіміне қосқан. 

Белсендіге қатысты қылмыстық іс Башқұртстан басшысы Радий Хабировтың өтінішінен кейін, 2023 жылдың тамыз айында басталған. Ол Алсыновты «ұлтаралық араздықты қоздыру», «мемлекетке қарсы наразылықтарға шақыру» және «экстремистік әрекеттерді жүзеге асыру», сондай-ақ «РФ Қарулы Күштерінің беделін түсіру» баптары бойынша қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартуды талап етті. 

Фаил Алсынов Башқұртстанда Құштау тауын сақтау үшін наразылыққа қатысушы ретінде танымал. Оны Башқұрт сода компаниясының дамуына бергісі келген, бірақ белсенділер Құштау шиханын табиғи ескерткіш деп тану мәртебесіне қол жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыз