Алматыдағы тау бөктерлеріне 54 құрылыс заңсыз салынғаны анықталды, оның жартысынан астамы сүріледі 

Жарияланды (жаңартылды )
Алматыда Заңсыз құрылыс сот шешімі бойынша сүрілді/kursiv.media

2023 жылы Алматы қала құрылысын бақылау басқармасы таулы жерлерде 54 заңсыз салынған құрылысты анықтаған. Осы анықталған 54 құрылыстың 44-сі бойынша басқарма сотқа жүгінген. Сот талап-арыздарды қарап, 44 құрылыстың 31-іне қатысты оң шешім шығарған. Яғни бұл құрылыстар сүріледі.

Сот шешімі бойынша сүрілуге жіберілген 31 құрылыстың 25-іне қатысты талап заңды күшіне еніп сүрілген. Ал қалған алтауына қатысты аппеляциялық арыз түсуіне байланысты сотта қайта қаралып жатыр

2023 жылғы желтоқсанда Алматы әкімдігі мен қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бірлескен жұмысы аясында таулы жерлерде заң талаптары мен құрылыс нормаларына мүлдем сай келмейтін салынып жатқан 52 нысанды анықтағанын жазғанбыз.

Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, қаладағы 19 нысан бойынша толық немесе ішінара бұзу, учаскені бастапқы күйіне келтіру және нұсқаманы мәжбүрлеп орындау туралы сот шешімдері заңды күшіне енген.

Соңғы екі жыл көлемінде заңсыз құрылыс салушыларға 20 қылмыстық іс қозғалып, 16 тұлға сотқа тартылған. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметі бойынша, нарықтың 28 пайызы ғана заңды бағытта жұмыс істеп жатыр.

Бұған дейін атап өтілгендей, 2023 жылы құрылыс нысандарын жоспардан тыс 1074 тексеру барысында 1140 бұзушылық анықталды.

Атап айтар болсақ, Алматы әкімдігі сапасыз құрылыстан 1 мыңнан астам заң бұзу анықталғанын хабарлап, нәтижесіне 8 құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылған.

Олар:

1.    «АРТЕМИДА ЛТД» ЖШС;

2.    «ТриА Холдинг» ЖШС;

3.    «Ремстрой» ЖШС;

4.    «ABM Building» ЖШС (шағын лицензиясы);

5.    «Debo Stroy» ЖШС (шағын лицензиясы);

6.    «ЕДІЛ-СТРОЙ СЕРВИС» ЖШС (шағын лицензиясы);

7.    «Ақ Ордасы корпорациясы» ЖШС (шағын лицензиясы);

8.    «DP ENGINEERING GROUP» ЖШС (шағын лицензиясы).

Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы құрылыс саласындағы заңнаманы 1140 рет бұзуды анықтаған. Олқылықтарды жоюға 634 ұйғарым берді.

Сондай-ақ оқыңыз