«Шұбаркөл Премиум» компаниясы директорлар кеңесінің құрамы өзгерді

Жарияланды
Шығарушы редактор
Шұбаркөл Премиум»

Акцияларының 67%-ы Тимур Құлыбаевқа тиесілі «Шұбаркөл Премиум» көмір компаниясы директорлар кеңесінің құрамын өзгертті. Оның құрамынан бір адам шығарылып, жаңадан үш адам қосылған. Директорлар кеңесіндегі өзгерістер туралы компания Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлаған

Бұл шешім «Шұбаркөл Премиум» акционерлерінің жалпы жиналысында қабылданған. Тәуелсіз директор Әділ Ғабдуллин директорлар кеңесінің құрамынан шығарылды. Оның орнына Елдос Райжанов, Эльдар Байболов және Ермек Баймұханов сайланды.

Сонымен қатар директорлар кеңесінің басшысы болып Луиза Ақанова қайта сайланды. Ол бұл қызметті 2020 жылдан бері атқарып келеді.

Қазір компанияның директорлар кеңесі бес адамнан тұрады. Оның құрамында Ақанова, Райжанов, Байболов және Баймұхановтардан бөлек, Ерлан Упушев те бар.

KASE деректеріне сәйкес, былтыр 1 қазанындағы жағдай бойынша «Шұбаркөл Премиум» акцияларының 67%-ы Joint Resources компаниясына тиесілі болған. Ал бұл клмпания Құлыбаевқа тиесілі. Тағы 16,5% акциясы FCI Management және Trans Coal Investment Group компанияларының иелігінде. Алайда е-gov сервисінде Joint Resources құрылтайшыларының тізімі көрсетілмеген.

2023 жылдың алғашқы үш тоқсан қорытындысы бойынша «Шұбаркөл Премиум» 60,2 млрд теңге кіріспен 4,8 млрд теңге таза пайда алды .Компанияның активтері – 74,7 млрд теңгені, капиталы – 49 млрд теңгені құрады.

Сонымен қатар былтыр компания көмір өндіруді 52%-ға, экспортты 18,8%-ға қысқартты. Оған себеп ретінде кенші «Қазақстан темір жолы» компаниясынан вагондардың жеткізілмеуін көрсеткен.

Былтыр Тимур Құлыбаев көмір компаниясынан 21 млрд теңгеге жуық дивиденд алды

KASE-де жарияланған құжатта Құлыбаевтың «Joint Resources» компаниясының дивиденд ретінде 20,86 млрд теңге алғаны айтылған. Ал «Fci management llp» ЖШС мен «Trans coal Investment Group» ЖШС басшылары Сағдиева мен Елимесова әрқайсысы 5,13 млрд теңгеден алған.

Сондай-ақ оқыңыз