Жаңалықтар

АҚШ пен Еуропа қор нарықтары құлдырап жатыр

Сейсенбі күні АҚШ пен Еуропа қор нарықтары теріс динамика көрсетті. АҚШ-тың S&P 500 индексі 0,37%-ға, Nasdaq Composite 0,19%-ға, Dow Jones индексі 0,62%-ға төмендеді. Бұ туралы KASE сарапшыларының қор нарығына шолуында жазылған.

Нарықтың «көңіл-күйіне» АҚШ қазынашылық кірісінің өсуі мен ФРЖ басқарма мүшесі Кристофер Уоллердің мәлімдемесі әсер етті. Ол ФРЖ пайыздық мөлшерлемені ел күткендей қарқынды түрде төмендетпеуі мүмкін деген болжам жасады.

Уоллер экономикалық белсенділік пен еңбек нарығының жағдайы оң екеніне тоқталды. Сондықтан мөлшерлемені дереу төмендетудің қажеті жоқ екенін айтты.

Apple акциялары Қытайдағы жеңілдіктер аясында 1,2%-ға төмендеді. Wells Fargo компанияның рейтингін төмендеткеннен кейін Boeing акциялары 7,9% арзандады.

Еуропа қор нарықтары да құлдырауын жалғастырып жатыр: Stoxx 600 индексі 0,24%-ға, DAX 40 – 0,30%-ға, FTSE 100 – 0,48%-ға, CAC 40 – 0,18%-ға төмендеді. Еуропа Орталық банкі инвесторлардың пайыздық мөлшерлемені төмендету мерзіміне қатысты болжамын жоққа шығарды.

Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумда Йоахим Нагель мөлшерлемені төмендету жайын талқылауға ерте екенін, инфляцияның әлі де жоғары екенін баса айтты.

Роберт Холцманн инфляциялық қысымға ықпал ететін Қызыл теңіздегі қақтығыстардың күшейгеніне назар аударады. Сол себепті нарық қандай да бір мөлшерлеменің төмендеуін күтпеу керек деп тұжырымдады

Ocado Group 2023 жылдың төртінші тоқсанында бөлшек саудадан түскен кірістің 10,9% өскенін хабарлады, ал Hugo Boss төртінші тоқсанда күткен нәтижеге қол жеткізбегенін жариялады.

Алдыңғы аптада АҚШ-тағы инфляция туралы дерек Еуропа нарығына кері әсер еткен болатын.

Жапонның Nikkei 225 индексі сәрсенбі күні 0,04%-ға өсіп, 35 632,50-ге жетті. Әлсіз иен экспортқа бағытталған компаниялардың акцияларын қолдады. Ірі компаниялардың акциялары ең жақсы өсім көрсетті: Kawasaki Kisen (+5,2%), Toyota Motor (+1,4%), Mitsubishi UFJ (+1,4%), Advantest (+4%) және Tokyo Electron (+2,7%) ).

Shanghai Composite индексі 0,64%-ға төмендеп, 2 875,60 тармақты құрады. Қытайдың ЖІӨ деректерінің жариядануы әсер етті.

Тұтынушылық және энергетикалық компаниялар көп жоғалтты: Kweichow Moutai (-2%), ChongQing Changan (-3,7%), BYD Company (-2,7%), Contemporary Amperex (-1,9%) және Longi Green Energy (-1,8%).