Қазақстандықтардың қарашадағы қарқынды тұтынушылық сенімі желтоқсанда басылған

Жарияланды
Фото: Shutterstock

Қазақстандағы тұтынушылық сенімділік индексі (CCI) 2023 жылғы желтоқсан айында қараша айындағы рекордтық мәндерден кейін 3,5 тармаққа төмендеді. Нәтижесінде индекс 104,7 тармаққа жетті, бұл 2022 жылғы желтоқсандағы 101,5 тармақты құрайтын өткен жылғы нәтижеден жоғары. Бұл туралы Kursiv Research-тың ай сайынғы зерттеуінен көреміз.

Бір айда қорытынды нәтиже есептелетін бес қосалқы индекстің барлығы төмендеді. Оның ішінде экономиканың жай-күйін бағалау қосалқы индексі қаттырақ төмендеді. Сондай-ақ, қалғандарына қарағанда, ірі сауда жасау мен шығындар үшін ағымдағы жағдайлардың қолайлылығы және жеке материалдық жағдайдағы өзгерістерді бағалау сұрақтарындағы оң жауаптар саны айтарлықтай қысқарды.

Материалдық жағдайы жақсылар – Атырау облысында

Өңірлер арасында экономиканы жақсартуды бағалау сұрағында оң жауап бергендердің басым үлесі 28%-ды құрап, Түркістан облысы үздік нәтиже көрсетті.

Ал өңірлер рейтингінде ең төмен көрсеткіш екінші ай қатарынан Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары тұр. Бұл өңірлер тиісінше 52%-ға және 54% көрсеткен.

Желтоқсан айында жеке материалдық жағдайды бағалау бойынша Атырау облысы көшбасшы болды. Онда адамдардың 40%-ы оң жауап нұсқаларын таңдады,

Жеке материалдық жағдайын нашар деп бағалағандар Жетісу облысында тіркелді. Өңірде сауалнамаға қатысқандардың  23%-ы теріс жауап берген.

Ет пен сүттің бағасына алаңдайтындар көп

Қазақстандықтардың инфляциялық күтулері желтоқсан айында  күрт төмендеді. Бағалар бір ай ішінде жылдам өседі дегендер үлесі қараша айында 30,2% болса, желтоқсанда  20,1%-ға дейін төмендеді. Айта кетерлігі, бұл 2023 жылғы маусымнан бергі ең төмен көрсеткіш. Қазақстандықтарды көбіне күнделікті қолданылатын ет пен құс еті, сүт және сүт өнімдері, нан сияқты азық-түлік бүлік бағалараның өскені алаңдатады.

Долларға емес, теңгеге сенім артқандар көбейген

Сонымен қатар желтоқсан айында қазақстандықтардың девальвациялық күтулері айтарлықтай төмендеген. Бұл соңғы бірнеше айдағы ең жақсы көрсеткіш. Девальвациялық күтулердің төмен болуына теңгенің қазан айынан жыл соңына дейін 5%-ға нығайғаны себеп болуы мүмкін.

Осы арада теңге бағамы бір жылда әлсірейді деп күтетіндер көрсеткіші – 51,8%, ал бір айдан кейін әлсірейді дегендер – 30,8% болды.   

 Данияр Оразбаев, Freedom Finance Global компаниясының талдаушысы:

«Желтоқсан айында біз Орталық Азияның Өзбекстаннан басқа барлық қарастырылып отырған елінде тұтынушылық сенімділіктің жалпы төмендегенін атап өтеміз. Дегенмен, жалпы алғанда өңір халқы 2023 жылдың қорытындысы мен 2024 жылдың қорытындысына оң көзқараспен қарайды. Себебі барлық мемлекетте тұтынушылық сенімділік 100 тармақты құрайтын бейтарап шекарадан жоғары. Бұл жерде Қазақстан тағы да көзге түсіп отыр, онда нәтиже осы шекарадан әрең асты. Бірақ 2022 жылғы желтоқсанмен немесе 2023 жылғы шілдемен салыстырғанда нәтиже неғұрлым сенімді болды. Оның үстіне, егер көрсеткіштерді бүкіл өңірді зерттеудің бірінші айымен (шілде) салыстыратын болсақ, онда барлық елде тұтынушылық сенімділіктің айтарлықтай өскенін байқаймыз. Өзбекстаннан артта қалуының төмендеуіне және айтарлықтай қысқаруына қарамастан Тәжікстан көшбасшы болып қала береді. Қырғызстанда тұтынушылық сенімділіктің төмендеуі аздап болды».

Кредит алу емес, ақша жинауға деген беталыс артқан

Кредиттерге деген сенім индексі 2,5 тармаққа төмендеген. Тап қазір кредит алуға қолайлы уақыт деп санайтын қазақстандықтар 14,1% болған. Бұл ретте депозитке деген сенім деңгейі 34,1%-дан 34,4%-ға дейін аздап болса да өскені байқалады.

Жұмыссыз қаламын ба деп алаңдайтындар азаймай тұр   

Сондай-ақ сауалнамаға қатысқандардың 57,3%-ы қазіргі уақытты тыныш уақыт деп атап өтті. Қазақстандықтардың жұмыссыздық туралы алаңдайтындарының саны 2023 жылдың наурызынан бері желтоқсанда төмендеп, 39,1% болды. Алайда осы арада бір жыл бұрынғы көрсеткіште осы шамада 39,7% болғанын айта кету керек. Бұл қазақстандықтардың жұмыссыз қалу қаупі тұрақты екенін көрсетеді.    

Сондай-ақ оқыңыз