Былтыр фармацевтика саласына 50,2 млн доллар инвестиция тартылған

Жарияланды (жаңартылды )
Фото: shutterstock

Елімізде отандық өндірістегі дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың үлесін 50%-ға дейін арттыру жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

«Елімізде бүгінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар шығаратын 15 жаңа кәсіпорын ашылды. Фармацевтика секторында 159 отандық тауар өндірушілер жұмыс істейді, олар 1018 дәрілік заттың және 1771 медициналық бұйымның түрлерін шығарады. Бұдан басқа, денсаулық сақтау мен ветеринарияға арналған 10 вакцина, 24 медициналық бұйым, 6 диагностикалық құрал және 1 паразитке қарсы препарат өндірісі жолға қойылған»,– делінген хабарламада.

Министрліктің мәліметінше, фармацевтика саласына тартылған инвестициялар көлемі өткен жылы шамамен 50,2 млн доллар құрады.

«2023 жылы пандемияға дейінгі кезеңмен салыстырғанда пациенттерді амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге бөлінген қаражаттың көлемі 2 есе – 237 млрд.теңгеге дейін ұлғайғанын айта кету керек. Бұл емделуі ТМККК және МӘМС қаражаты есебінен жүзеге асырылатын аурулардың тізбесін 2,5 есе кеңейтуге мүмкіндік берді. Бұл ретте жазып берілетін дәрілік заттар атауларының саны 272-ден 347-ге дейін ұлғайды», – деді баспасөз қызметі.

Сондай-ақ оқыңыз