Маңғыстау облысында қаржы пирамидасын құрушы 1 млрд теңгеден астам шығын келтірген

Жарияланды
Маңғыстау облысында салымшылар 1 млрд теңгеге алданған/kursiv.media

Маңғыстау облысында салымшыларға 1 млрд теңгеден астам шығын келтірген «Капитал мечты» қаржы пирамидасына қатысты іс сотқа жіберілді.

Істің мәнісі. Ұйымдастырушы «Капитал Мечты» ЖШС қаржы пирамидасын құрып, басшылық еткені. Сондай-ақ ол мүлікті сенімгерлік басқару және ай сайын салынған ақшаның 10 пайызын төлеп отыру шарты негізінде салымшыларды тартқан. Сөйтіп қылмыстық әрекет нәтижесінде салымшыларға 1 млрд теңгеден астам шығын келтірген.

Шешім. Қаржы пирамидасының басшысына қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Қылмыстық іс сотқа жіберілді.

Қаңтар айының басында басқалардың жарнасы арқылы салымшыларын байытуға уәде берген «Свой дом» қаржы пирамидасын құрғандарға сот үкімі шықты. Олар салымшыларға 49 млн теңге шығын келтірген.

Қаржы мониторингі агенттігінің Шымкент қаласындағы департаменті «Свой дом» қаржы пирамидасын құру және басқару бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Қаржы пирамидасын құрғандар басқалардың жарнасы арқасында салымшыларды байытпақ болғаны анықталды. Олар инвесторларға салған ақшадан 40% пайда алуға уәде берген.

2023 жылы Қазақстанда қаржы пирамидасына алданғандар саны 3 есе артқан.

Сондай-ақ оқыңыз